Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Сержанттардың бүкілармиялық кеңесі

Бүгін Астанада Қорғаныс министрлігінің ғимаратында сержанттардың бүкілармиялық кеңесінің II-отырысы өткізілді. Оның жұмысына Қарулы Күштер түрлерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің сержанттар кеңесінің төрағалары тартылды. Отырыс жұмысына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінде сержанттар кеңесі бұдан екі жыл бұрын құрылған болатын. Олардың басты тапсырмасы командирлерге әскери қызметшілерді жан-жақты тәрбиелеуде көмек көрсету, әскери ұжымдарда әрбір сержанттың шығармашылық қуатын арттыру болып табылады. Сержанттардың бүкілармиялық кеңесі жалпы армиядағы басты органдардың бірінен саналады. Отырыста сержанттар Кеңесі сержанттар қызметіне қатысты маңызды өзекті мәселелерді талқылады.…

0
0
666

Құрлық әскерлері басшы құрамының жедел-әдістемелік жиыны

Бүгін Астанада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері басшы құрамының жедел-әдістемелік жиыны аяқталды. Ол үш күн бойы астаналық десантты-шабуылдаушылар бригадасының базасында өткізілді. Жиын жұмысына Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев басшылық жасады. Жиын жұмысын өткізуге өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектері мен әскери бөлімдердің басшы өкілдері тартылды. Сабақтар барысында офицерлер жауынгерлік дайындық шараларын ұйымдастыру әдістемелері туралы сабаққа қатысып, күнделікті және ұрыс барысында әскерлерді басқару ерекшеліктерін оқып үйренді. – Заманауй қауіп қатарлер сипатының үнемі өзгеріп отыруына және жауынгерлік әзірліктің қарқы…

0
0
453

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады

Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында мемлекеттік мереке Отан Қорғаушылар Күніне арналған Жауынгерлік парад өткізілді. Қазақстанда және Қарулы Күштері тарихында жүзеге асырылған тұңғыш парад ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. Елбасына әскерлердің парадты өткізуге дайын екендігі жөнінде Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев баяндады. Өзінің «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық» деп қазіргі Қарулы Күштердің жағдайы…

0
0
626

Әскерилер Елорданың орталық көшелерімен жүгіріп өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің плацына атлетикалық жүгіріске қатысатын 500-ге жуық әскери қызметші сап түзеді. Астананың орталық көшелерімен Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҚК Бас штабының бөлімшелері, әскер түрлерінің өкілдері саптық «қораппен» жүгіріп өтті. Спорттық жейделеріндегі «7 мамыр – Отан қорғаушы күні» деген сөйлем меркелік іс-шараның басталғанын білдірсе, әр жеке команданың жалауы жарысқа қатысушылардың қай әскер түрінен екенін айқындап тұрды. «Бүгін Сіздер жыл сайынғы дәстүрлі жүгіріске қатысып отырсыздар. Бұл іс-шара екі айтулы дата – Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналып отыр. Мен Сіздерді келе жатқан қос мерекемен шын жүректен құттықтаймын», - деді жарысты кіріспе сөзбен ашқан Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов. Бағдарлама…

0
0
217

Қазақстан посткеңестік елдер ішінде бірінші болып Жауынгерлік парад өткізеді — ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан ТМД елдерінің қарулы күштері тарихында бірінші болып Жауынгерлік парад өткізеді. Бұл жөнінде бүгін BNews.kz агентігінің студиясында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштер Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов мәлімдеді. «Біз Отан қорғаушы күнін айрықша атап өткіміз келді, әскери күштердің сап түзеуін, техниканы әскери қолданусыз әрекетін қайталайтын кәдімгі қалыптағы парадтардан бас тарттық. Әскери парад дегеніміз – әскери күштерді сынау, олардың соғыс қаруын, техникасын, жарағын қолдануын көру, әуе шайқасын көрсету, әскери-тасымал ұшағын қара жерге қондыру. Біз сарбаздарымыздың өнерін, сондай-ақ соңғы жылдары алынған жаңа техникаларымызды көрсеткіміз келеді», - деді ол. Парадта қауіпсіздік шараларына да тәуекелді сын болатын…

0
0
332

Жауынгерлік парадқа дайындықтың қорытындылау кезеңі өтті

Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында Жауынгерлік парад дайындығының соңғы кезеңі өтті. Бұл 7 мамырда өтетін Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге дайындықтың қорытындылау кезеңі болды. Құрлық әскерлері және Әуе қорғанысы күштері зымырандарды, бомба лақтыруды нақты іске асыруды жүргізді, қару-жарақтың барлық түрлерінен жауынгерлік атыстарды көрсетті. «Отар» 40-шы әскери полигонындағы басты дайындықты жүргізу барысына жетекшілік ету үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков келді. Полигонда дайындықтың аяқталуы жөнінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибулла…

0
0
388

Қазақстан Қарулы Күштері қорғаныс-өнеркәсібі кешені жаңа зымырандық-артиллериялық кемемен толықты

Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында, «Қазақстан инжиниринг»Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Орал зауыты-«Зенит» АҚ құрастырған зымыранды-артиллериялық кемесінің салтанатты жағдайда суға түсіру рәсімі болды. Бұл Қазақстан қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорыны құрастырған екінші кеме. Бұдан тура бір жыл бұрын аталған зауыт өзінің тұңғыш кемесін шығарып, оны «Қазақстан» деп атады. «Зенит» Орал зауыты» бұл өніміне зауыт құрметіне және оның географиялық оналасуына сәйкес «Орал» деп ат қойды. «Орал» әскери кемесінің толық су сыйымдылығы 250 тоннаға жуық. Отандық кеме озық үлгідегі заманауи қару-жарақтармен және навигациялық-штурмандық байланыс құралдарымен толық жабдықталған. Келешекте осындай кеменің тағы біреуі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күшт…

0
0
373

Жауынгерлік парадтың авиациялық құрамы

Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасының полигонында Жауынгерлік парадқа дайындық шеңберінде арнайы мақсаттағы бөлімше С-295 әскери-көліктік ұшағынан парашюттік тәсілмен десант түсіруді жүзеге асырды. Бұл іс-шара «Airbus Military» концернінде өндірілген ұшақтардың Қазақстан Әскери-әуе күштеріне қабылданғаннан бері алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Тапсырмалардың сәтті орындалуы арнайы мақсаттағы жауынгерлер мен ұшқыштардың дайындықтарының жоғары деңгейін, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылдарының сауаттылығын көрсетіп берді. Десант түсіру С-295 ұшағының Жауынгерлік парад барысындағы көрсетілімдерінің бір ғана бөлімі болмақ. Сонымен қатар, полковник Рүстем Тілеумағамбетов басқаратын қазақстандық экипаж С-295 ұшағын топырақты ұшыру-қондыру жолағына қондыруды да жүзеге асырады. 2013 жылғы 7 мамырда «О…

0
0
400

ӘШҚҚ есептоптары Жауынгерлік парадқа әзірлік үстінде

Отан қорғаушылар күні құрметіне өткізілетін Жауынгерлік парадта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің 51809 әскери бөлімі С-125 заманауи көп функциялы зениттік-зымыран кешенінің жауынгерлік мүмкіндіктерін көрсетеді. Жауынгерлік парадқа дайындық аясында «Отар» 40-әскери базасының полигонында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің С-125 ЗЗК мамандары жерүсті нысаналары бойынша жауынгерлік оқ атулар жүргізді. Қазіргі заманғы зениттік-зымыран кешені орналасқан жеріне жеке құрамымен бірге Ақтаудан келіп жетті. Әскери қызметшілер темір жол көлігімен бірнеше мың шақырымдық марш жасаған. Оқу-жаттығу өткізілетін ауданға келіп жетісімен жеке құрам тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаруға кірісіп кетті. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері есептоптарының жаттығулары…

0
0
510

Бас штаб бастығының Кубогі — “Жас ұланда”

Республикалық мектеп интернаттары арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті. Екі күн бойы тартысқа түскен ұландар тігілген жүлдеге барын салып бақты.  Бағы мен бабы келіскен және жақсы нәтиже көрсеткен үздік мектеп жеңімпаз атанды. Ойынның он үш түрінен «жүзден жүйрік шыққандар» анықталды.  Ал, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары –  Қарулы  Күштер Бас штабы  бастығының  жүлдесі «Жас ұлан» республикалық мектебіне бұйырды.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Еділ Оразов қатысты.  Ол жарысқа қатысушыларды құттықтап, ұландарға жеңістен жеңіске жете берулеріне тілек білдірді.
Салтанатты шараның соңында жиылған жұртшылық Республикалық ұланның арнайы көрсетілімін тамашалады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
322