Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Қарулы Күштері қорғаныс-өнеркәсібі кешені жаңа зымырандық-артиллериялық кемемен толықты

Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында, «Қазақстан инжиниринг»Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Орал зауыты-«Зенит» АҚ құрастырған зымыранды-артиллериялық кемесінің салтанатты жағдайда суға түсіру рәсімі болды.
Бұл Қазақстан қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорыны құрастырған екінші кеме. Бұдан тура бір жыл бұрын аталған зауыт өзінің тұңғыш кемесін шығарып, оны «Қазақстан» деп атады. «Зенит» Орал зауыты» бұл өніміне зауыт құрметіне және оның географиялық оналасуына сәйкес «Орал» деп ат қойды.
«Орал» әскери кемесінің толық су сыйымдылығы 250 тоннаға жуық. Отандық кеме озық үлгідегі заманауи қару-жарақтармен және навигациялық-штурмандық байланыс құралдарымен толық жабдықталған. Келешекте осындай кеменің тағы біреуі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштеріне пайдалануға берілуі жоспарланған.
Қазіргі таңда «Орал зауыты-Зенит» АҚ еліміздегі халықаралық талаптарға сай, отандық сапалы су кемелерін жасауда мүмкіндігі мол ірі қорғаныстық-кәсіпорын кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. Зауыттың су сыйымдылығы 500 тоннаға дейін әскери кеме жасауға және оны  Каспий теңізіне дейін жеткізуге толық мүмкіндігі бар.
Отандық кезекті зымыранды-артиллериялық кемені суға түсіру мерейлі мерекемен тұспа тұс келді. Ағымдағы жылғы сәуір айында Әскери-теңіз күштері өзінің құрылғанына 20 жыл толуын атап өтті. Осыған байланысты Ақтауда Әскери теңіз-күштері қолбасшылығы өкілдерінің, сондай-ақ қала жұртшылығының қатысуымен салтанатты шаралар өткізілді. Мереке құрметіне Каспий жағалауында әскери кемелер шеруі ұйымдастырылды.
Кеме құрылысының аяқталып, оның суға түсірілуі қазақстандық теңізшілер үшін  үлкен мереке. Ал Әскери теңіз күштері өкілдері үшін бұл қос қуаныш. Себебі бұл маңызды оқиға Отан қорғаушылары мерекесі қарсаңында жүзеге асырылып отыр. Мереке құрметіне Жауынгерлік парад өткізіліп оған Әскери-теңіз күштері де қатыспақ. Жауынгерлік парад шеңберінде онлайн-трансляциялау арқылы Каспий теңізіндегі кемелердің жауынгерлік атуларын қазақстандық көрермендер өз көздерімен көретін болады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
374

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Қарулы Күштері қорғаныс-өнеркәсібі кешені жаңа зымырандық-артиллериялық кемемен толықты - Yvision.kz