Әскерилер Елорданың орталық көшелерімен жүгіріп өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің плацына атлетикалық жүгіріске қатысатын 500-ге жуық әскери қызметші сап түзеді. Астананың орталық көшелерімен Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҚК Бас штабының бөлімшелері, әскер түрлерінің өкілдері саптық «қораппен» жүгіріп өтті.
Спорттық жейделеріндегі «7 мамыр – Отан қорғаушы күні» деген сөйлем меркелік іс-шараның басталғанын білдірсе, әр жеке команданың жалауы жарысқа қатысушылардың қай әскер түрінен екенін айқындап тұрды.
«Бүгін Сіздер жыл сайынғы дәстүрлі жүгіріске қатысып отырсыздар. Бұл іс-шара екі айтулы дата – Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналып отыр. Мен Сіздерді келе жатқан қос мерекемен шын жүректен құттықтаймын», - деді жарысты кіріспе сөзбен ашқан Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов.
Бағдарлама 5 шақырым қашықтыққа жарыссыз кросс жүгіруден тұрады. Жүгірудің жолсызбасы мен ұзақтығы: Достық көшесіндегі Қорғаныс министрлігі – Тұран даңғылы – Тәуелсіздік көшесі – Түркістан көшесі – Қорғаныс министрлігіне дейін деп белгіленді.
«Осы іс-шара арқылы біз барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтағымыз келді және армия мен спорт егіз ұғым екенін көрсеттік. Өскелең ұрпақ аға буынға қарап түзеліп, солардан үлгі алуы керек. Өйткені, олар да күні ертең Қарулы Күштер қатарын толтырады. Оларға да біз сияқты Отанды қорғауға тура келеді», - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі майор Андрей Азизов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл сияқты іс-шаралар барлық гарнизондарда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен жүргізілуде.
BNews.kz
