Жамбыл облысында әскер қатарына шақырылушыларды шығарып салу салтанаты болып өтті
«Көктем -2012» әскер қатарына шақыру науқаны аясында әскер қатарына шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болып өтті. Бұл іс-шараны Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығымен бірлесіп ұйымдастырды. Шығарып салу «Баласағұн» концерт залында өткізілді. Салтанатты рәсімнің басты кейіпкерлері ретінде әскер қатарына шақырылушылар қызмет алдында насихат сөздер мен тілектерді тыңдау үшін сахнаға көтерілді. Арнайы келген ата-аналар мен дос-жарандар залдағы көрерменге айналды. Қазіргі уақытта әскер қатарына шақырылып отырған 100 шақырылушыдан Құрлық әскерлеріне, Республикалық ұланға, ТЖМ бөлімшелеріне, ҰҚК Шекара қызметіне жіберу үшін алты команда жасақталған. Оларды шығарып салуға тек ата-аналары ғана емес, облыстық…
Астанада өткізілген жалпықалалық сенбілікке астаналықтармен бірге Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері де бір кісідей ат салысты.