Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

26 мамырда ҚР Қарулы Күштерінде әскери ант қабылдау рәсімі болады

Осы жылдың көктемінде Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған үш мыңнан астам жас сарбаздар 2013 жылғы 26 мамырда, алдағы жексенбі күні Отанға адалдық антын қабылдамақ. Ант қабылдау құрметіне арналған салтанатты рәсімдер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көптеген әскери бөлімдерінде болады. Оларға әскер түрлері мен тектерінің қолбасшылары, құрамалар мен бөлімдердің командирлеріқатысады. Қарулы Күштердің ардагерлері, әскер қатарына жаңа келген жас буынның ата-аналары шақырылған. Құрметті журналистер! Сіздерді мерзімді қызметтің жас сарбаздарының ант қабылдауын бұқаралық ақпарат құралдарын жариялауға шақырамыз. Ант қабылдау жүргізілетін әскери бөлімдер: 2013 жылғы 25 мамырда: Ақтау қ., Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімі 2013 жылғы 26 мамырда: Астана қ. Аэроұтқыр әскерлерін…

0
0
2072

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде үздік тәрбиеші-офицерлер анықталды

Жаркент гарнизонында Құрлық әскерлері әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарларының жиыны аяқталды. Жиынға қатысушы тәрбиеші-офицерлер атыс, дене тәрбиесі мен арнайы-тактикалық дайындықтан сынақтар тапсырып, шеберліктерін танытты. Барлық шаралар кешенді түрде жүргізілді. Мәселен тәрбиеші-офицерлер атыстан сынақ тапсыру алдында полигонға дейін жеті шақырым қашықтықты жаяу жүріп өтті. Ал тактикалық сабақтардан сынақ тапсыру әскери бөлімді жауынгерлік дайындыққа келтіргеннен кейінгі талқылаудан соң жүзеге асырылды. Сабақтардың көпшілігі далалық жағдайда өткізілді. «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының және Аэроұтқыр әскерлері командирлерінің орынбасарлары әскерлерде тиімді қолданылатын жұмыс әдістері мен түрл…

0
0
537

Сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 2011 жылғы Вена құжатының шеңберінде семинар өткізді. Астанада Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) Хатшылығының Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер: ГФР, Франция, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия,және Түркменстан өкілдері жиналды. Сондай-ақ семинар жұмысына Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштер Бас штабының, әскер түрлері мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың әскери қызметшілері қатысты. Семинарға қатысушыларды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев, сондай-ақ Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Елші Наталья Зарудна және ЕҚЫҰ Қақтығыстардың алдын алу жөніндегі орталығының өкілі Ласло Сатмори құттықтады. Семинар өткізудің негезгі мақсаты қатысушы мемлекеттермен халықаралық шарта…

0
0
475

Жоғарғы оқу орындарындағы әскери ғылым – кәсіби және әскери қасиеттерді қалыптастыру

Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында VI жыл сайынғы «Инженер-офицердің кәсіптік маңызды қасиеттерін қалыптастыру» ведомствоаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді. Оның жұмысына Қазақстанның басқа да жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен мамандары қатысты. Конференция барысында оған қатысушылар қазіргі заманда офицер кадрларын даярлаудың теориялық және қолданбалы талқылады. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы, философия ғылымдарының докторы, полковник Қайрат Садықов конференция тақырыбының өзектілігін ескере отырып, курсанттарда кәсіби және әскери қасиеттер қалыптастыру ел қорғаныс қабілетін қалыптастырудың басты факторы болып табылатындықтан бірінші дәрежелі маңызға ие екенін атап көрсетті. Ко…

0
0
412

Құрлық әскерлері әскери институтының жұлдызды жігіттері

Құрлық әскерлері әскери институты екінші курсының студенті Бақтияр Өтеулинов «Студент көктемі-2013» шығармашылық пен талант фестивалінің Гала-концертінде өнер көрсету құқығын жеңіп алды. Бұл құрметке ол Алматы жоғарғы оқу орындары студентері арасындағы музыкалық-хореографиялық байқаудың шеңберіндегі фестивальде тамаша өнер көрсеткені үшін ие болды. Бұл болашақ офицерлердің «Студент көктемі-2013» фестивалі барысындағы жалғыз ғана табысы емес. Сонымен Курсанттардың көңілді тапқырлар клубының ойынында жеңімпаз атануы ерекше оқиға болды. Құрлық әскерлері әскери институтының командасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, Казақ спорт академиясының және басқа да Алматы жоғарғы оқу орындарының 16 командасын басып озып, бас жүлдеге ие болды. Қазылар алқасының мүшелері және Әл-Фараби атындағы Қаз…

0
0
538

Халықпен бірге

Жеке үлгісімен және бағындырған биіктерімен Отанға деген сүйіспеншіліктері мен шын берілгендігін паш еткен Жамбыл облысы тұрғындарының қатарына Қарулы Күштердің офицері – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері бірінің командирі полковник Алексей Қалижанов енді. Бұл Тараз қаласында өткен «Елімнің тағдыры –менің тағдырым!» атты патриоттар форумының шеңберінде жарияланды. Түрлі номинацияларда дәрігерлер мен мұғалімдер, спортшылар мен жұмысшылар, кәсіпкерлер наградталды. Қарулы Күштердің өкілі «Сүйем сені, менің Қазақстаным» атты номинацияда лайықтылардың қатарына енді. Полковник Қалижанов взвод командирлігіне Қазақстан Қарулы Күштерінің ең үздік бригадасының командиріне дейінгі жолды жүріп өтті. Наградаларды табыс ету рәсімінде осы офицердің басқаруымен оған сеніп тапсырылған жеке…

0
0
353

Әскери теңіз күштерінің әскери-әдістемелік жиыны

Ақтауда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақовтың басшылығымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді. Жиын кезінде бағыныстағы әскери бөлімдер мен бөлімшелерге қысқы оқу кезеңіне қорытынды жасалды. Сондай-ақ жазғы оқу кезеңіне нақты тапсырмалар берілді. Оқу-әдістемелік жиын шеңберінде әскери бөлімдер командирлері мен орынбасарларына нақты көмектер көрсету мақсатында топтарға бөлініп, теориялық және практикалық арнайы сабақтар өткізілді. Жиынның қатысушыларына күнделікті қызмет барысында басшылыққа алынатын құжаттардың талаптары жеткізілді, сондай-ақ құжаттардың қызметтік-жауынгерлік жұмыстарында орындалу тәртіптері тереңірек түсіндірілді. Оқу-әдістемелік жиынға бас қолбасшының бірінші орынбасары- штаб бастығының лауазымын уақ…

0
0
544

Астанада мектеп оқушылары үшін далалық оқу-жаттығу жиыны болды

Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен далалық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушылары 11-сынып оқушыларымен 9 әскери рота базасында айналысып, әскери істің негіздері бойынша іс жүзінде машықтануға көмек көрсетті. 68665 әскери бөлімінде оқушылар қару-жарақ пен жауынгерлік техника үлгілерімен танысып, десантшылардың қызмет ерекшелігімен, тұрмыс-тіршілігімен танысты. «Отан қорғаушылар» монументінің жанындағы жиынның жабылу салтанатында жоғарғы сынып оқушыларының алдында Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – қоғаммен байланыс және психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы полковник Бахтияр Пернебеков сөз сөйледі. Құрмет қарауылы ротасы…

0
0
668

Құрлық әскерлерінің тәрбиеші офицерлері кәсіби шеберліктерін шыңдауда

Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде бөлім командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарланың жиыны басталды. Жиын Жаркент гарнизоны әскери бөлімдері бірінің базасында бас қолбасшы бастығының орынбасары полковник Жұмабек Хасеновтің басшылығымен өтуде. Жиын жұмысына Қазақстан Құрлық әскерлерінің барлық бөлімдерінен 50-ден астам офицер қатысуда. Қазіргі уақытта Елбасы осы жылдың қаңтар айында қуатты құрылымдардың басшыларымен болған кеңесте қойған міндеттерді орындау аясында Қарулы Күштерде тәрбие құрылымдары офицерлерінің мәртебесі мен жауапкершілігін арттыру жөнінде елулі шаралар қабылдануда. Мұны іске асыру өз кезегінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларынан күнделікті тіршілік әрекетінің барлық салалар…

0
0
350

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында техник мамандардың курстық даярлығы аяқталды

Жөндеу бригадасының базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттары мен бөлімшелері техниктерінің курстық даярлығы болып өтті. Бір ай бойы әскери қызметшілер автомобиль көлігінің техникалық құжаттамаларын білу бойынша, дене даярлығы, атыс даярлығы, саптық даярлық және т.б. даярлық түрлері бойынша сынақтар тапсырды. Техник-жүргізушілер жүк машиналары мен ауыр броньды техниканы жүргізуден сайысқа түсті. Құрамалар мен бөлімдер сержанттық құрамымен сабақтар өткізіліп, соңынан олардан ҚР ҚК жарғылары бойынша қорытынды емтихандар қабылданды. Армияда көлік құралдарының ақаусыз жұмыс істеуі техниктерге тәуелді. Олардың қазіргі заманғы көлік құралдарын уақтылы жөндей білуі түрлі бөлімшелер жауынгерлік әзірлігіне ықпал етеді. Жиында күнделікті қызметті ұйымдастыру, олардың біліктілігін артыру жә…

0
0
280