Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрлық әскерлері әскери институтының жұлдызды жігіттері

Құрлық әскерлері әскери институты екінші курсының студенті Бақтияр Өтеулинов «Студент көктемі-2013» шығармашылық пен талант фестивалінің Гала-концертінде өнер көрсету құқығын жеңіп алды. Бұл құрметке ол Алматы жоғарғы оқу орындары студентері арасындағы музыкалық-хореографиялық байқаудың шеңберіндегі фестивальде тамаша өнер көрсеткені үшін ие болды.

Бұл болашақ офицерлердің «Студент көктемі-2013» фестивалі барысындағы жалғыз ғана табысы емес. Сонымен Курсанттардың көңілді тапқырлар клубының ойынында жеңімпаз атануы ерекше оқиға болды. Құрлық әскерлері әскери институтының командасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, Казақ спорт академиясының және басқа да Алматы жоғарғы оқу орындарының 16 командасын басып озып, бас жүлдеге ие болды.
Қазылар алқасының мүшелері және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттер сарайына жиналған көпшілік көрермен әскери жоғары оқу орны командасының өнерін қызу қол соғып қолдау көрсетті. Курсанттардың студенттік фестивальдің жұлдызына айналып «Звездные ребята» деген команда атуын толығымен ақтап шыққаны бірауыздан қолдау тапты.
Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары:
- бізді жұлдыздардың күтіп тұрғаны анық, ол біз оқуды аяқтаған соң алатын лейтенанттық погондарымызда. Ал қазіргі уақытта біз басқа жоғарғы оқу орындарының оқушылары тәрізді емтихандар сессиясын тапсыруға кірістік. Емтихандар қарсаңында біз «Студент көктемі-2013» фестивалінен сергектік пен көтеріңкі көңіл күй алдық, - деп жымиысады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
537

Осы тақырып бойынша

Құрлық әскерлері әскери институтының жұлдызды жігіттері - Yvision.kz