Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы фракциясының жанындағы Әлеуметтік Кеңестің әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша көшпелі отырысы болып өтті. Делегацияға Кеңестің төрайымы Айткүл Самақова басшылық жасады. Әлеуметтік Кеңес мүшелері әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шеңберінде Елордадағы Шәкәрім Құдайбердұлы көшесінің бойында салынып жатқан жатақханада болды. Жатақхананың инфрақұрылысын таныстыру барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының бастығы полковник Ильдар Гиниатулин қонақтарды аталған нысанның құрылысымен ғана емес, жалпы әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде құлағдар етті.…