Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Қазақстан мен Испания Қорғаныс министрлерінің бірлескен мәлімдемесі

Министр обороны Казахстана Адильбек Джаксыбеков: Испания мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту үшін Меморандумға қол қойылды. Испания қорғаныс министрімен біз халықаралық қауіпсіздік туралы пікір алмастық және биыл тамыз айында Қазақстанда өтетін «Дала қыраны» оқу-жаттығуына Испания әскери қызметшілерін қатысу туралы сөйлестік. Сегодня состоялся первый официальный визит Министра обороны Испании в нашу страну, был подписан Меморандум о сотрудничестве между нашими Вооруженными Силами. Мы обменялись мнениями по вопросам международной безопасности, по обмену информации и также обсудили вопросы участия испанских военнослужащих в учениях, которые будут проходить в этом году в августе месяце «Степной Орел», в учениях миротворческих операций. Сегодня Министр посетил нашу бригаду,…

0
0
384

Қазақстан мен Испания әскери-техникалық салада ынтымақтастықты жандандыра түсуде

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы және Испания Корольдігінің Қорғаныс министрлері Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапарымен келген Педро Моренес Элуате арасында келіссөздер болып өтті. Келіссөздер барысында екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар сонымен бірге жаһандық және өңірлік қауіпсіздік проблемаларының кең ауқымы бойынша пікір алмасты. Бұдан басқа Қазақстанның басқа елдермен және ұйымдармен, соның ішінде Солтүстік Атлантика Альянсымен (НАТО-мен) ықпалдаса отырып бітімгершілік операцияларға белсенді түрде қатысу мәселелері қозғалды. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды талқылау келіссөздердің басты бағыттарының бірі болды. - Қазақстан Испания Корольдігімен қарым-қат…

0
0
284

Қазақстан мен Испания Қорғаныс министрлері кездесті

 

2013 жылғы 11 маусымда,  Испания корольдігі Қорғаныс министрінің Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары барысында Қазақстан және Испания қорғаныс министрлері Әділбек Жақсыбеков пен Педро Моренес Элуате арасында екіжақты кездесу болып өтті.

 

Кездесу барысында тараптар екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

0
0
382

Испания Қорғаныс министрінің Қазақстанға сапары басталды

Кеше кешке, 10 маусым күні Астанаға алғашқы ресми сапарымен Испания Қорғаныс министрі Педро Моренес Эулате келді. Әуежайда Испания Корольдігінің Қорғаныс министрін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев күтіп алды.

Бүгін Испания Қорғаныс министрі десанттық-шабуыл бригадасына барды. Шетелдік мейманды ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов қазіргі заманғы қару-жарақ және әскери техника түрлерімен таныстырды.  Испания қорғаныс ведомствосының басшысы қазақстандық әскери қызметшілердің жан-жақты әзірлігі мен кәсіби даярлық деңгейін жоғары бағалады. ҚР

ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
193

Жолдарың болсын, жас ұландар!

Aстанада армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебін бітірушілердің оқу орнымен қоштасу салтанаты болып өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министьрлігі Білім және ғылым департаменті басшылығының өкілдері, ұландардың ата-аналары, Қарулы Күштер ардагерлері қатысты. 2013 жылғы түлектер ҰБТ тапсыру кезінде жоғары нәтижелер көрсетті. Орташа көрсеткіш 82 баллды құрады. Бұл көрсеткіш республиканың басқа әскери мектептерімен салыстырғанда жоғары деңгейде екендігін атап өткен жөн. Биыл республикалық «Жас ұлан» мектебін 55 тәрбиеленуші бітірді. Олардың 45-і жоғары әскери оқу орындарына баруға шешім қабылдады. Бұл көрсеткіш мектеп басшылығы мен оқытушылар құрамының әскери-кәсіби бағытта балаларға білім берудегі өздерінің негізгі тапсырмаларын…

0
0
574

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде қазақстан-беларусь әскери-техникалық ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Беларусь арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громовтың Беларусь Республикасы Мемлекеттік әскери-өнеркәсіп комитетінің төрағасы Сергей Гурулевпен кездесуі өтті. Кездесуге Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің мамандары мен Беларусь қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының басшылары қатысты. Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық сұрақтары, сондай-ақ Кедендік Одақ пен Евразия экономикалық кеңістігіндегі оның даму қызметінің келешегі талқыланды. Тараптар ағымдағы жылы қыркүйек айында әскери-техникалық ынтымақтастық жөнінде Астана қаласында өткізуді жоспарлаған қазақстан-белорусь арасын…

0
0
235

Астаналық десантшылар жауынгерлік дабылмен көтерілді

Қазақстан Қарулы Күштерінің басқа да бөлімдері мен құрамалары қатарында елордалық десантты-шабуылдаушылар құрамасы да «оқу дабылы» бойынша жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. ҚР ҚК Бас штабы Орталық командалық пунктінен пәрмен алысымен бригаданың жеке құрамы тактикалық-сап сабақтарын өткізуге кірісті. Құрама командирі генерал-майор Алмас Жұмакеевтің басшылығымен жауынгерлік машиналар паркінен бронетранспортерлер, «Камаздар», танктер, «Кобра» жауынгерлік барлау машиналары, инженерлік-саперлік және басқа да техникалардан тұратын үш жүзден астам қару-жарақ пен әскери техника шығарылды. Бөлім сардарлары мен сарбаздары белгіленген уақытта толық жауынгерлік мүлкімен өз позицияларынан табылды. Әскери қызметшілердің іс-қимылдарын бөлімге арнайы шақырылған республикалық телеарнала…

0
0
281

Әділбек Жақсыбеков: ӘШҚҚ біріккен жүйесі ТМД елдері Қарулы күштері өзара іс-қимылының бірден-бір неғұрлым тиімді формасы болып табылады

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің Минскіде өткен 64-ші отырысында ӘШҚҚ біріккен жүйесі ТМД елдері Қарулы күштері өзара іс-қимылының бірден-бір неғұрлым тиімді формасы болып табылады деп мәлімдеді. – Бұл мәселенің тәжірибелік, жауынгерлік тараптарын пысықтау үшін осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында бөлімдердің жергілікті және тұрақты шоғырланған аумақтарында, оның шінде Ресей Федерациясының «Ашулық», Қазақстан Республикасының «Сарышаған» полигондарында оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған, – деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков. Қазақстан Қорғаныс ведомствосы басшысының айтуынша, осы тектес ынтымақтастық ТМД армияларының жауынгерлік өзара іс-қимылын нығайта түспек. – Қазақстан Респу…

0
0
460