Қазақстан армиясы резервистермен толығады
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонында резервистер жиыны – солдаттар мен сержанттар құрамдарының қажетті мамандықтары бойынша қайта даярлау өткізуде.
Резервистер іс жүзінде атыс, саптық, дене, мемлекеттік-құқықтық және арнайы даярлық сабақтарында іс жүзінде дағдылануда. Олар әскери бөлімнің полигонындағы шатырлар лагерінде орналастырылған және белгіленген нормаларға сәйкес заттай мүлікпен (киім-кешекпен), тамақпен қамтамасыз етілген.
Әскери жиынға шақырылғандардың жұмыс орындары мен жалақысы сақталады. Әскери оқытылған резервті даярлау және осы жиыннның жұмысын ұйымдастыру кезінде командирлерге Аягөз қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілдері үлкен көмек көрсетуде. Олар мемлекетіміздің жұмылдыру резервін даярлаудың оң нәтижелерін атап өтті.
-Жиынға шақырылған әскери міндеттілер – әрлүрлі мамандық иесі болып табылатын ересек адамдар әскери іске машықтануда орасан зор ынта-жігер көрсетуде және ұмытылыңқырап қалған ескіні еске түсіріп, жаңа техниканы, жаңа нормативтік және басшылық құжаттарды зерделеу үстінде. Олар жоғары орындаушылығымен ерекшеленеді және көпшілігі қазірдің өзінде келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдануға тілек білдіруде, - деп бөлім командирі подполковник Мерген Капашев атап өтті.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
