Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобы жолға шықты

2013 жылғы 12-17 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамдежан Таласовтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихат тобы Шымкент, Тараз қалалары мен Арыс, Жібек жолы, Луговой, Мерке және Гвардейск гарнизондарында болады. Аталған іс-шараның мақсаты Қарулы Күштердің оң беделін арттыру және қоғамда әскери қызметті насихаттау, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін және ұрпақ сабақтастығы прициптерін белсендіру, сондай-ақ әскери ортада рухани мәдениет пен шығармашылық бастаманы дамыту болып табылады. Ақпараттық-насихат тобының құрамында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен…

0
0
405

Қазақстандық бітімгершілер «Дала қыраны – 2013» оқу-жаттығуында шеберліктерін шындауда

Бүгін Алматы облысындағы «Іле» полигонында «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының оқу орталығында «Дала қыраны» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығудың ашылу салтанатына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, қатысушы елдер қолбасшылығының өкілдері және шетелдік бақылаушылар қатысты. «Дала қыраны» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуы Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы әріптестік қимылдарының Дербес жоспарын жүзеге асыру, сондай-ақ «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы шеңберінде өткізіліп келеді. Алғашқы «Дала қыраны» оқу-жаттығуы 2003 жылы «Іле» полигонында өткізілген болатын. Оған қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. Биыл оныншы рет өткізіліп…

0
0
420

Кәсіпқой армия – бүгінгі күн талабы

Кәсіби армия құру жөніндегі міндетті орындау аясында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде офицерлердің, сержанттар мен қатардағы сарбаздардың лауазымдарын келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтаудың жаңа жүйесі бойынша запастағы әскери қызметшілермен жасақтау жөніндегі жұмыс жалғасуда. Таяуда Талдықорған қаласында Алматы облысы Қорғаныс істер жөніндегі департаменті ұйымдастырған жылжымалы тіркеу пункті қала орталығындағы халық көп болатын жерде келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөнінде насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Жылжымалы тіркеу пунктінің жұмысы барысында 90-ға жуық азаматқа әскери қызметке қабылдану шарттары туралы кеңес берілді. Дәл осындай жұмыс сол күні Ақтөбе қаласында да қолға алынды. Бұрын хабарлағанымыздай, халықты қамту ауқымын…

0
0
235

Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілер арасында суға жүзуден чемпионат өтті

Бүгін Қазақстан» спорт кешеніңде әскери қызметшілер арасында суға жүзуден чемпионат болып өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, Әскер түрлері мен тектерінен, Ақмола өңірлік гарнизонында шоғырланған әскери бөлімдер мен мекемелерден жасақталған командалар қатысты. Жарысқа барлығы 16 команда қатысып, бақтарын сынады. Әйелдер арасында бірінші орынды Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштеріне қарасты 19132 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша кіші сержанты Е. Прибыткова жеңіп алып, алтын медальді иеленді. Ерлер арасында 30 жасқа дейінгі жеке біріншілікте Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының аға лейтенанты М. Әбілмәжінов 100 метрлік қашықтықта 1 минут 18 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын…

0
0
440

Қарулы Күштер мемлекеттік тілді қолдайды

2013 жылғы 7 тамызда ҚР Қорғаныс министрлігіндегі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының құрылғанына 10 жыл толды. Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің директивасымен мемлекеттік тілді оқыту және талдау, редакциялау бөлімдерінен тұратын Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы құрылды. Қазіргі уақытта әскер түрлері мен тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда мемлекеттік тілді дамыту бөлімдері, қызметтер, топтар, мамандар қызмет атқарады. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді дамыту мамандарының жұмысы үшін нормативтік-құқықтық негіздері: заңдар, оқыту бағдарламалары, төл әскерімізде мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары, жеке тапсырмалар жоспарлары жасалды. Осы құжаттардың негізінде Қарулы Күштерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ауқымд…

0
0
366

Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінде ұшқыштар күнгізгі және түнгі ұшулармен шеберліктерін шыңдады

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бастаған бас қолбасшы басқармасының бір топ офицерлері Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан авиациялық бөлімде болды. Күндізгі және түнгі ұшуларды орындау авиациялық бөлімдер жауынгерлік әзірлігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өту қажет. Бұнсыз авиаторлардың қызметтік іс-әрекетін елестету мүмкін емес. Топтың жұмысы барысында МиГ-29 және Су-25 ұшақтарымен ұшу және қону міндеттерін орындауға арналған мақсатты ұшулар өткізілді. Ұшудан кейінгі жиналыста Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы көптеген ұшқыштардың ұшу сағаттары бойынша көрсеткіштерінің жоғары екенін атап көрсетті. Бұл көкке көтерілуге бет алған жас буынға берілуі тиіс бай тәжірибенің өлшемі. – Жалпы алғанда Әскери әуе күштері…

0
0
221

«Дала қыраны-2013»

2013 жылғы 10-23 тамыз аралығында Алматы облысындағы «Іле» полигонында «Дала қыраны-2013» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығуға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Литва, Швейцария, Италия, Қырғызстан және Тәжікстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімшелері қатысады.
2013 жылғы 10 тамызда «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының оқу-жаттығу орталығының базасында жаттығуға қатысушы елдер қарулы күштері басшылығы өкілдерінің қатысуымен «Дала қыраны» оқу-жаттығуының ашылу салтанаты болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
349

Қарулы Күштерде кәсіби шеберлік — басты талап

Қазақстан Қарулы Күштері Талдықорғандағы Әуе қорғанысы күштері авиация кіші мамандарын даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығында техниктер мен бөлімше старшиналарының кезекті курстық даярлығы аяқталды.Бір ай бойы Әскери әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің келісім-шарт бойынша әскери қызметшілері арнайы даярлық бойынша курстық даярлықтан өтті. Бөлімше техниктері мен старшиналарына арнайы білім берілді, сондай-ақ олар өз кәсіби дағдылары мен шеберліктерін шыңдап, дене және атыс даярлығын арттырды. Бүгінгі таңда Қарулы Күштерде келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің кәсіптік даярлығына, курстық даярлықтан өтуіне және армиямызды одан әрі кәсібилендіруге ықпал ететін басқа да аспектілерге үлкен көңіл бөлініп отыр. Курстық даярлықтан өту барысында арнайы жабдықтарды жө…

0
0
569

Құрлық әскерлерінде жауынгерлік оқу жалғасуда

2013 жылғы 12-15 тамыз аралығында Қазақстанның батысындағы «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басшылығымен «Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы болып өтеді.

қу-жаттығуға Құрлық әскерлерінен бөлек Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тартылады.

Әскери басқару органдарының ықпалдастығын жетілдіру, әскерлердің далалық дағдысын арттыру және командирлер мен штабтардың әскерлерді басқарудағы тұрақты іс-тәжірибесін қалыптастыру өткізілгелі отырған оқу-жаттығудың негізгі мақсаты болып табылады.

«Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы әскерлердің далалық дағдысының деңгейін арттыруға жасалған кезекті қадам болып табылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
266

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кемесі теңіз жорығынан оралды

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Қазақстан» зымырандық-артиллериялық кемесінің экипажы кемелік-жауынгерлік оқу-жаттығу барысында жоғары баға алды. Ашық теңізге шыққан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері ашық теңізде тактикалық сценарийге сәйкес кемеге шартты түрде әуеден және катерден шабуылын тойтарды, шартты түрде жаппай зақымдау қаруы, теңіз миналары қолданылуына қарсы әрекет етті, іздестіру-құтқару іс-шараларын жүргізді. Бұл әскери іс-қимылдар «жеке кемемен теңіз ұрысын жүргізу» жаттығуының шеңберінде жасалды. Капитан-лейтенант Еркебұлан Дәркенбаев басқарған «Қазақстан» зымырандық-артиллериялық кемесінің экипажы қойылған міндетті нық сеніммен орындап шықты. – Теңізшілер кемені басқару мен кемеде бар атыс құралдарын қолданудың жақсы деңге…

0
0
536