Әскери авиаторлар Қазақстан аспанының күзетінде
Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов Алматы, Шымкент, Ақтау гарнизондарындағы авиация әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігін жоспарлы тексеру жүргізді. Тексеру барысында Жетіген гарнизонында әскери бөлім командирлерімен жойғыш бомбалаушы МиГ-27 және көп мақсатты жойғыш Су-27 сияқты үшінші және төртінші буынның көп функциялы ұшақтарында мақсатты ұшулар орындалды. Осы ұшулар арқылы ұшқыштар жоғары тұрған қолбасшылық алдында ұшу техникасы мен әуе навигациясындағы шеберліктерін көрсетті. – Біздің ұшқыштар ұшу дағдысын, жауынгерлік әзірлігін арттырып, оларға жүктелген Отанымыздың әуе кеңістігін күзету және қорғау жөніндегі кез келген жауынгерлік міндетті орындауға дайын болуы тиіс, – деді Әуе қорғанысы күштерінің бас қолба…