Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобы жолға шықты

2013 жылғы 12-17 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамдежан Таласовтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихат тобы Шымкент, Тараз қалалары мен Арыс, Жібек жолы, Луговой, Мерке және Гвардейск гарнизондарында болады.

   

Аталған іс-шараның мақсаты Қарулы Күштердің оң беделін арттыру және қоғамда әскери қызметті насихаттау, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін және ұрпақ сабақтастығы прициптерін белсендіру, сондай-ақ әскери ортада рухани мәдениет пен шығармашылық бастаманы дамыту болып табылады.

   

Ақпараттық-насихат тобының құрамында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің өнерпаздары бар.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
406

Осы тақырып бойынша

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобы жолға шықты - Yvision.kz