Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілер арасында суға жүзуден чемпионат өтті

Бүгін Қазақстан» спорт кешеніңде әскери қызметшілер арасында суға жүзуден чемпионат болып өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, Әскер түрлері мен тектерінен, Ақмола өңірлік гарнизонында шоғырланған әскери бөлімдер мен мекемелерден жасақталған командалар қатысты.

Жарысқа барлығы 16 команда қатысып, бақтарын сынады.

Әйелдер арасында бірінші орынды Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштеріне қарасты 19132 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша кіші сержанты Е. Прибыткова жеңіп алып, алтын медальді иеленді.
Ерлер арасында 30 жасқа дейінгі жеке біріншілікте Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының аға лейтенанты М. Әбілмәжінов 100 метрлік қашықтықта 1 минут 18 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды 14776 әскери бөлімінің лейтенанты Е. Ғалымжанұлы иеленді. Үшінші орын 55765 әскери бөлімінің өкілі кіші сержант А. Ибраевтың еншісінде.
Жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі бірінші орынды ҚР ҚК Тыл бастығының басқармасы қанжығаға байласа, екінші, үшін орындарды 14776 әскери бөлімі мен Әуе қорғанысы күштерінің командалары өзара бөлісті.
 
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
441

Осы тақырып бойынша

Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілер арасында суға жүзуден чемпионат өтті - Yvision.kz