Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарулы Күштерде кәсіби шеберлік — басты талап

Қазақстан Қарулы Күштері Талдықорғандағы Әуе қорғанысы күштері авиация кіші мамандарын даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығында техниктер мен бөлімше старшиналарының кезекті курстық даярлығы аяқталды.
Бір ай бойы Әскери әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің келісім-шарт бойынша әскери қызметшілері арнайы даярлық бойынша курстық даярлықтан өтті. Бөлімше техниктері мен старшиналарына арнайы білім берілді, сондай-ақ олар өз кәсіби дағдылары мен шеберліктерін шыңдап, дене және атыс даярлығын арттырды.

Бүгінгі таңда Қарулы Күштерде келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің кәсіптік даярлығына, курстық даярлықтан өтуіне және армиямызды одан әрі кәсібилендіруге ықпал ететін басқа да аспектілерге үлкен көңіл бөлініп отыр.
Курстық даярлықтан өту барысында арнайы жабдықтарды жөндеуді және дұрыс сақтауды ұйымдастыру мәселелері, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ерекшеліктері қаралды. Старшиналарға жеке құрамды орналастыру, үй-жайларды жабдықтау және оларды ұстап тұру, жеке құрамды есепке алу және тәңертеңігі және кешкі тексерулерді өткізу тәртіптері бойынша нақты кеңестер берілді.
Оқ қорытындысы бойынша старшиналар мен техниктердің әскери қызметшінің биік беделін түсірмей, курстық даярлықтан жоғары кәсіби деңгейде өткені және курстық даярлықтың мақсатына қол жеткізілгені аталып өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
567

Осы тақырып бойынша

Қарулы Күштерде кәсіби шеберлік — басты талап - Yvision.kz