Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрлық әскерлерінде жауынгерлік оқу жалғасуда

2013 жылғы 12-15 тамыз аралығында Қазақстанның батысындағы «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басшылығымен «Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы болып өтеді.

қу-жаттығуға Құрлық әскерлерінен бөлек Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тартылады.

Әскери басқару органдарының ықпалдастығын жетілдіру, әскерлердің далалық дағдысын арттыру және командирлер мен штабтардың әскерлерді басқарудағы тұрақты іс-тәжірибесін қалыптастыру өткізілгелі отырған оқу-жаттығудың негізгі мақсаты болып табылады.

«Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы әскерлердің далалық дағдысының деңгейін арттыруға жасалған кезекті қадам болып табылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
265

Осы тақырып бойынша