Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобы Шымкентте болды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихат тобы Шымкент қаласына келді.

   

35748 әскери бөлімінің клубында әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған бірқатар іс-шаралар болып өтті. Сондай-ақ, кешенді насихат тобы әскери гарнизонның тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысты.

   

Әскерилер алдында сөз сөйлеген Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамдежан Таласов Елбасы Жолдауында көпұлтты қоғамымыздың негізгі жетістігі болып отырған қазақстандық патриотизмге айрықша мән берілгенін атап өтті. «Мықты армия – мықты Қазақстан!» ұранын ұстаған Қазақстан әскері мемлекеттің ажырамас бөлігі болып табылады.

   

35748 әскери бөлімі мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимаратында Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің өнерпаздары концерт берді. Олардың репертуары әскери-патриоттық және халық әндері мен билерінен тұрады.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
220

Осы тақырып бойынша

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихат тобы Шымкентте болды - Yvision.kz