Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Қазақстан-Беларусь ғылыми әскери ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы өзара ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылауда. «Қазақстан Инжиниринг ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ғылыми-зерттеу институтының басшылығы Беларусь Республикасының «Белспецвнештехника» мемлекеттік сыртқы сауда унитарлық кәсіпорнының өкілдерімен кездесті. Тараптар әскери мақсаттағы өнімдерге қатысты бірлескен ғылыми және өндірістік қызмет туралы келісті. Келіссөздер қорытындысы бойынша қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды. Кездесуге Қазақстан жағынан «Қазақстан Инжиниринг ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Амантай Жотабаев бастаған институттың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатыс…

0
0
482

Қазақстандық Әуе шабуылына қарсы әскерлердің әскери қызметшілері бірлескен оқу-жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті

Ресей Федерациясының Ашулук полигонында «Жауынгерлік достастық-2013» бірлескен оқу-жаттығуларының шешуші кезеңі аяқталды. Осы жылдың 13 тамызы мен 12 қыркүйегі аралығында өткізілген ТМД Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері біртұтас жүйесінің оқу-жаттығуларына Ресей Федерациясы, Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан және Қырғыз Республикаларынан 4 мыңға жуық әскери қызметші қатысты. Ашулук полигонында авиацияның коалициялық топтары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін ұжымдық қауіпсіздік аймағында террорға қарсы іс-қимылдар мен қарулы қақтығыстар кезінде бірлесіп қолдану шаралары пысықталды. Бұған дейін Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында қазақстандық әуе шабуылына қарсы әскерлер «Жауынгерлік достастық-2013» оқу-жаттығуларының дербес эпизоды ретінде Қазақстан мен Қырғызстанның ав…

0
0
263

Үндістан Республикасының әскери делегациясы Ұлттық қорғаныс университетінде болды

Қазақстанның әскери білім жүйесімен танысу мақсатында Астанаға Үндістан әскери делегациясы келді. Оның құрамында Үндістан Республикасы Ұлттық қорғаныс колледжінің тыңдаушылары болды. Үндістан әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің Әскери және мемлекеттік басқару факультетінде болып, меймандар Қазақстандағы жоғары әскери оқу орнының құрылу тарихымен, міндеттерімен және оқыту әдістемелерімен танысты. Факультеттің құрылуы Қазақстан Қарулы Күштері үшін айтулы оқиға. Қазақстанның әскери білім жүйесінде жедел стратегиялық деңгейдегі мамандар даярлауда ол жоғары бағаланады. Оның құрылғанына дейін қазақстандық генералдар мен офицерлер мұндай деңгейдегі білімді тек шетелдерде алған болатын. Факультетте алғаш білім алатын офицер тыңдаушылар 2011 жылы қабылданды.…

0
0
540

Жылжымалы үгіт пункттері – қазақстандықтарды келісімшарт қызметіне тартудың тиімді жолы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметті үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жалғастыруда. Қарулы Күштерді запастағы офицерлермен, сержанттармен және қатардағы жауынгерлер құрамымен жасақтау жүйесін жетілдіру Қорғаныс министрлігіндегі басты бағыттардың бірі. Министрлік бүгінгі таңда Қарулы Күштерді саны емес сапасы жағынан мықты әскери қызметшілермен жасақтауды мақсат етіп отыр. Бұл күндері республиканың барлық облыстары мен ірі қалаларында жылжымалы бекеттер үгіт насихат жұмыстарын қызу жүргізуде. Жуырда Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті кезекті жылжымалы үгіт-насихат пунктін іске қосты. Келісімшарт бойынша әскери қызметке жинау пункті халық көп жиналатын «BIG Шанхай» сауда орталығынан орын тепті. Мұнда департамент қызметкерлері жұртшылықпен кездесіп,…

0
0
412

Жас офицерлер Әскери әуе күштеріне қызметке келді

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен құрылымдары әскери оқу орнын бітірген түлектермен толықты. Қазақстанның, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери оқу орындарын бітірген 44 лейтенант Талдықорғандағы авиациялық базада жас офицерлердің оқу жиынына қатысты. Жас офицерлер дене және атыс дайындықтары бойынша дайындықтан өтіп, мемлекеттік-құқықтық дайындық, Жалпы әскери жарғы, мемлекеттік құпияларды қорғаудан лекциялар тыңдады. Жиында алған білім мен тәжірибе жас офицерлердің ертеңгі әскери қызметіне пайдасын тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, жаңадан келген әскери қызметшілер моральдік-психологиялық жағдайын анықтау мақсатында психологиялық тестілеуден өткізілді. Жиынға Әскери әуе күштері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары п…

0
0
415

Әскери заңгерлер жаңа сапалы деңгейге көшті

Қапшағайда орналасқан 35-ші десантты-шабуылдаушылар бригадасының базасында заң бөлімшелері офицерлерінің жиыны аяқталды. Әскери заңгерлер әскерлердің күнделікті тыныс тіршілігінде заңнаманы пайдалана білу мәселелерін талқылады. Қазақстан армиясының тарихында жиынға тұңғыш рет Қарулы Күштердің құрылымдары мен әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен аудандық пайдалану бөлімдерінің заң өкілдері тартылды. Қарулы Күштерде заңды бұзбауды қамтамасыз ету жөніндегі Қорғаныс министрлігі басшылығының талабы әскери заңгерлерге жеткізілді. Әскери қызмет атқару, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу, арыз-шағым жұмыстарын жүргізу сұрақтары бойынша сабақтар өткізілді. Жиын барысында дене тәрбиесі, атыс дайындығынан сынақ…

0
0
423

Әскерилер «Отбасы күнін» атап өтті

ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының әскери қызметшілері «Отбасыв күні» мерекесін атап өтті. Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы және Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі) әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері әртүрлі спорт жарыстарына қатысты. Спорттың 6 түрінен сайысқа қатысқан әскери қызметшілер Т.Нүсіпбековтің, Е.Омарбаев пен С.Баймұхамбетовтердің отбасы үздіктер атанды. «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында балалардың арасында асфальтқа сурет салудан өткен өнер жарысында подполковник А. Баймұхамбетовтің отбасы бірінші, полковник А.Скорняков екінші, ал подполковник Н. Қадыржановтың отбасы үшінші орынды иемденді. Олардың барлығы бағалы сыйлықтармен алғыс хаттармен марап…

0
0
690

Қайтыс болған ұшқыштың отбасы Астанадан пәтер алды

Авиация апатынан қайтыс болған полковник Марат Едігеевтің отбасына Астана қаласынан үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. - Біз енді жауынгер досымызды, жайсаң командирімізді, тәжірибелі ұшқышты, үлгілі отағасын қайтарып ала алмаймыз, бірақ оны жарқын бейнесін ешқашан есімізден шығармаймыз,-деді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов. Қайтыс болған офицердің жары, туған туыстары Қазақстан армиясының басшылығына қолдау көрсетіп назар аударғандарына ризашылықтарын білдірді. 2013 жылғы 23 сәуірде жоспарға сәйкес ұшу-жаттығулары кезінде сағат 22.40-та Қарағанды облысы Шет ауданы Просторное ауылына жақын жерде МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады. авиациялық базасында. Экипаж парашютпен секіріп үлгерді, өкінішке орай экипаж командирі полковник Едігеев М…

0
0
488

Танкистер қашан да құрметке лайық

Қыркүйектің екінші жексенбісінде кәсіби әскерилер мен танк жасаушылардың – Танкистер күні мерекесі аталып өтеді. Мереке сайын шынжыр табанды жойқын техниканы меңгерген Отан қорғаушыларды ұлықтау Құрлық әскерлерінде дәстүрге айналғалы қашан. Бұл күні республикамыздағы барлық танк бөлімшелерінде мерекелік шаралар жүзеге асырылады. Жуырда Ресей Федерациясының Алабино поселкесіндегі «Танк биатлоны» халықаралық жарысында 10810 әскери бөлімінің танк экипажының негізгі құрамы: танк командирі – аға лейтенант Жанат Қуанышев, нысана көздеуші – аға сержант Айдын Қалиолдин, жүргізуші-механик – ефрейтор Марат Түсіпов және танк командирінің көмекшісі – сержант Мирас Нурко екінші орынды иемденіп жеңіспен оралды. Бұл табыс әскери қызметшілерімздің кәсібилігінің артқандығын және Құрлық әскерлерінде жауынг…

0
0
1011

«Жауынгерлік достастық-2013» оқу-жаттығуы аяқталды

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі бекіткен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен жүйесі шеңберінде бүгін «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2013» оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өткізілді. Аталған оқу-жаттығудың барысын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бақылады. «Жауынгерлік достастық» оқу-жаттығулары Қазақстанның «Сарышаған» полигоны мен Ресей Федерациясының «Ашулук» полигонында екі жылда бір рет өткізіліп тұрады. Бүгінгі маневрға Әскери-әуе күштерінің экипажы мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есептоптары қатысты. Біріккен жаттығуларға барлығы 1500 адамнан тұратын жеке құрам, 28 авиациялық техника, 9 зенитті-зымыран кешені, сонымен қатар байланыс және…

0
0
459