Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жауынгерлік достастық-2013» оқу-жаттығуы аяқталды

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі бекіткен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен жүйесі шеңберінде бүгін «Сарышаған» полигонында  «Жауынгерлік достастық – 2013» оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өткізілді.

Аталған оқу-жаттығудың барысын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бақылады.

«Жауынгерлік достастық» оқу-жаттығулары Қазақстанның «Сарышаған» полигоны мен Ресей Федерациясының «Ашулук» полигонында екі жылда бір рет өткізіліп тұрады.

Бүгінгі маневрға Әскери-әуе күштерінің экипажы мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есептоптары қатысты.

Біріккен жаттығуларға барлығы 1500 адамнан тұратын жеке құрам, 28 авиациялық техника, 9 зенитті-зымыран кешені, сонымен қатар байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары тартылды.

Оқу-жаттығу ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен авиациалық коалициялық топтарын бірлесе даярлау және оларды қолдану, қарулы шиеленіс пен террорға қарсы әрекет ету кезінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік реттілігін арттыру мақсатында өткізіліп отыр. Жаттығу барысында жауынгерлік есептоптардың тәжірибелік дағдылары мен кәсіби шеберліктері артты.

– Бүгінгі оқу-жаттығуда Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы жауынгерлік тапсырманы толығымен орындады, зенитті-зымыран кешенінен ату жоғары сапамен жүргізілді, – деп атап өтті Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. – Біз өзге мемлекеттермен әскери ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін шешуде Елбасымыздың бастамасын іс жүзінде жүзеге асыруға ұмтыламыз.

Қыркүйек айының екінші жартысында «Өзара іс-қимыл-2013» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отырғанын айта кету керек. Оған Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлерінің жеке құрамы қатысатын болады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзге мемлекеттермен жасасқан келісімшарттар шеңберінде өткізілетін барлық бірлескен оқу-жаттығуларға белсенді түрде қатысу арқылы жауынгерлік әзірліктерін ұдайы жетілдіріп отырады.

Оқу-жаттығуда үздік көрінгендерге Қорғаныс министрінің бұйрығымен алғыс жарияланып, жеклеген офицерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
460

Осы тақырып бойынша