Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Халықаралық әскери бақылаушылар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жоғары баға берді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі және «Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының» ережелеріне сәйкес ЕҚЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің өкілдері үшін әскери нысандарына кезекті рет көрсету жүргізді. Комиссияға Қарағандыдағы авиациялық база мен Астанадағы десантты-шабуылдаушы бригаданың қару-жарақ пен жауынгерлік техника үлгілері ұсынылды. Инспекторлар авиабаза мен бригаданың инфрақұрылымын (әскери қалашық, казармалар, автопарк, асхана) қарап, жеке құрамның күнделікті қызметі мен оқу процесін бақылады. - Өткен жылдармен салыстырғанда, Қазақстан армиясында барлық бағыттар бойынша атап өтерлік ілгерлеушіліктер бар. Тексеру қорытындысы бойынша мен Қазақстан Қарулы Күштер…

0
0
317

Қазақстан әскери қызметшілері Беларусте «Өзара іс-қимыл» жаттығуына қатысуда

Бүгін Беларусь Қарулы Күштерінің Осиповичский полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің бірлескен «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығуының ашылу рәсімі өтті. Беларусь, Армения, Қырғызстан Ресей, Тәжікстан қарулы күштерінің контингенттерімен бірге салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Қарулы Күштерінің десантшылары қатысты. Бұдан екі күн бұрын қазақстандық Аэроұтқыр әскерлерінің 130 әскери қызметшісі екі С-295 ұшағымен Алматы облысының «Жетіген» әуе айлағынан Беларусь Республикасының Минскі түбіндегі Мачулищи әуеайлағына келіп жеткен болатын. – Қазақстан армиясы әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығының жоғары деңгейде екендігін біле тұра, мен сіздердің жаттығу шеңберінде алған тапсырмаларыңызды табысты орындап, Қазақстан Қарулы Күштерінің туын биік…

0
0
354

Танкистер жазғы оқу-жаттығу кезеңін аяқтады

Алматы облысындағы «Көктал» полигонында батальондық-тактикалық жаттығу өтті. Оған Құрлық әскерлері танк бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты. Жаттығу барысында бөлімше шабуылға дайындық шараларын орындады, Т-72 танкісінің штаттық снарядтарымен жауынгерлік атыстардың, сондай-ақ артиллериялық қарудан тактикалық іс-қимылдарын пысықтады. Атыс жүргізу, маневр жасау тактикалық іс-қимылдары кезінде бөлімшенің жеке құрамы ұйымшылдық таныта білді. Батальондық-тактикалық жаттығудың жалғасы әскери қызметшілердің тұрғылықты орнына 200 шақырымдық марш жасауымен аяқталды. Өткізілген жаттығу бригаданың жазғы оқу кезеңінің аяқталғандығынан хабардар етті. Далалық жаттығуларды өткізу кезінде жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыратын, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды пысықтайтын маңызды тап…

0
0
538

Қазақстандық десантшылар «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығулары өтетін ауданға ұшып кетті

Бүгін Алматы облысындағы «Жетіген» аэродромынан С-295 әскери-көліктік ұшақтарымен Аэроұтқыр әскерлері десантты-шабуылдаушы бригадасының әскери қызметшілері Беларусь Республикасына ұшып кетті. ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары Беларусь Республикасының аумағында 2013 жылғы 20-26 қыркүйек аралығында өтеді. Оған Армения Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Республикалары қарулы күштерінің контингенттері қатысады. Қазақстаннан оқу-жаттығуларға Аэроұтқыр әскерлерінің Талдықорғанда шоғырланған бригадасының десантты-шабуылдаушы батальоны қатысады. Батальон командирі капитан Әсет Серікбаев. Осының алдында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов бастаған Қазақстан Қарулы Күштерінен іріктелген же…

0
0
393

Әділбек Жақсыбеков Пәкістан Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Пәкістан Ислам Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Ашфак Каянимен кездесу өтті. – Пәкстан Оңтүстік Азия аймағындағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі болып табылады, және біздің ел де келешекте екіжақты қарым-қатынастың нығая түсуіне мүдделі. Қазақстан Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекеттеріміздің арасындағы байланыстар достық пен өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа негізделгендігіне әрқашан сенім білдіреді. – Екі ел Қарулы Күштерінің арасындағы тәжірибе алмасу әскери ынтымақтастықтағы басым бағыттардың бірі,-деп атап өтті Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Ашфак Каянимен екіжақты кездесу кезінде. Өз кезегінде генерал…

0
0
287

Қазақстанның әскери қызметшілері ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің оқу-жаттығуына қатысу үшін Минскіге ұшып кетті

Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігінің офицерлер тобы ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл" оқу-жаттығуларына қатысу үшін Астанадан Минскіге ұшып кетті. Қазақстан Қарулы Күштерінен іріктелген бұл офицерлер жедел топ ретінде Ұжымдық жедел ден қою күштері қолбасшылығы мен штабы құрамына кіреді. Қазақстандық әскери делегацияны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов бастап барды. Қазақстан Қарулы Күштері жедел тобының тапсырмаларына шешім қабылдау, жоспарлау, көпжақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру, әскерлерді басқару және өзара іс-қимылды ұйымдастыру кіреді, – деп атап өтті генерал-майор Р. Әлімов. – Сондай-ақ, жедел топ бір күн кейін ұшыр келетін қазақстандық әскери бөлімшені қарсы алу және орна…

0
0
389

ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды

Бүгін Астанаға ЕҚЫҰ және АӨЫСШК мүше әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен әскери сарапшылар мен өкілдер келді. 16-19 қыркүйек аралығында шетелдік бақылаушылар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі және «Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының» ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды. Қазақстан Республикасының бастамасымен бұл іс-шараға қатысуға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің өкілдері алғаш рет шақырылып отыр. – Қазақстан Вена құжаты шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерін уақтылы әрі толық орындауға барынша маңыз береді, – деп атап өтті генерал-майор Б. Майкеев өз баяндамасында. – Біз ЕҚЫҰ механизмдері…

0
0
373

Жеңімпаздар – Қазақстандық әскери альпинистер

Қазақстан Қорғаныс министрлігі АОСК спортшы-альпинистері ТМД-ға мүше мемлекеттер достастық армиялары чемпионатының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырына көтеріліп бірінші орынды иемденді. Чемпионат Іле Алатауының баурайында өтіп, оған Қазақстан мен Ресесйдің ең мықты әскери-спортшылары қатысты. Шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің АОСК Спорт клубы. ТМД армияшыларының чемпионатында альпинизм техникасы бойынша шыңға өрмелеушілердің жарысы бірінші рет жүзеге асққандығын атап өткен орынды. Бірнеше күн қатарынан армияшылар өз шеберліктерін таныту үшін күрделі тау сілемдерімен өрмелеп күш сынасты. Шыңға өрмелеумен қатар альпинистер граната лақтыру, тауға уақытпен тез шығудан жарыс өткізді. - Қазақстандық спортшылар өз дайындықтарының жоғары дең…

0
0
331

Қазақстандағы С-300ПС зенитті-зымыранды кешендерінің сәтті сынақ атыстары «Укробороносервистің» жоғары сапалы жөндеу жұмыстарын дәлелдеді

2013 жылғы 5 қыркүйекте Приозерск қаласында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің С-300ПС зенитті-зымыранды кешендері дивизионының жауынгерлік сынақ атыстары жүзеге асты. Аталған кешендер «Укроборонопром» МК құрамына кіретін «Укробороносервис» ММ-де күрделі жөндеуден өткен. 2013 жылғы шілдеде С-300ПС зенитті-зымыранды кешендері Қазақстан Республикасына жеткізілді. Атыстар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің басшылығымен «Сарышаған» полигонында өткен оқу-жаттығулар шеңберінде өткізілді. Атылған 4 зымыранның бәрі нысанаға дөп тиді. С-300ПС зенитті-зымыранды кешендерін сынау кезінде Украинада күрделі жөндеуден өткізілген командалық пункт пайдаланылды. Командалық пункт Украина тарапынан жүргізілген жұмыстардың жоғары деңгейін дәлелдеп берді. Ә. Жақсыбеков Қазақстан Қ…

0
0
309

Қазақстан қорғаныс шығынын 13 пайызға ұлғайтады

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ел парламентінде бюджеттік  жобасын ұсынды. Өткен жылмен салыстырғанда қорғаныс қабілетіне жұмсалатын шығын 2014 жылы 13 пайызға ұлғайып отыр.

Алдағы жылы қорғаныс бағытына барлығы 377 млрд тенге бөлінетін болады.

Досаевтың сөзіне қарағанда Қарулы Күштерге қажетті қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы жетілдіру және сатып алу есебінен қорғаныс шығыны ұлғайтылып отырған көрінеді.

kzinform.com

0
0
219