Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шахтер күнінің 70 жылдығына арналған салтанатты жиналыстың баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Шахтер күнінің 70 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Қазақстанның шахтерларын Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев құттықтады.
Салтанатты жиналысқа көмір саласы бірқатар кәсіпорындарының жұмысшылары қатысты, атап айтқанда «Шұбаркөл-Көмір» АҚ, «Разрез Молодежный» ЖШС, «Қаражыра» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС, «Восточный» разрезі және т.б., сондай-ақ өндіріс озаттары, көмір өнеркәсібінің ардагерлері және Көмір өнеркәсібі жұмысшыларының салалық кәсіподағы өкілдері қатысты.
Ведомствоның басшысы Шахтер күні – нағыз ерлерге лайықты саналатын қауіпті «бейбіт» мамандығы батыл адамдарының мерекесі екендігін атап өтті. Ауыр еңбекті таңдайтын адамдар мен әулеттер бар болғандықтан, біздің өнеркәсіп жұмыс істеп дамуда.
Салтанатты жиналыс барысында ҚР Энергетика министрі көмір саласының лайықты қызметкерлерін кәсіби қызметтерінде қол жеткізген жетістіктері үшін ведомстволық наградалармен марапаттады.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

0
0
255

Осы тақырып бойынша

Шахтер күнінің 70 жылдығына арналған салтанатты жиналыстың баспасөз хабарламасы - Yvision.kz