Қазақстан және АҚШ энергетика министрліктері энергетикалық әріптестік бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды
2017 жылғы 28 тамызда Астана қаласына Америка Құрама Штаттарының ресми делегациясы келді. Америка миссиясын бастап келген АҚШ энергетика вице-министрі Дэн Брулетт «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне барды.
Аталған сапар шеңберінде Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың америкалық әріптесімен кездесуі өтті.
Тараптар екі жақты ынтымақтастықты кеңейту, энергетикалық қауіпсіздікті арттыру және екі елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Кездесу нәтижесі бойынша ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев және АҚШ энергетика министрінің орынбасары Дэн Брулетт бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме ядролық қауіпсіздік, атом өнеркәсібі, мұнай және газ, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және электр энергетикасы салаларында екі елдің қарым-қатынасын нығайтуды көздейді.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
