ҚР энергетика министрі ҚР Конституция күнімен және Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен құттықтады
2017 жылғы 29 тамызда ҚР Энергетика министрлігінде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен ҚР Конституция күніне және Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға ҚР Энергетика министрлігі Орталық аппаратының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері және мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде ҚР энергетика министрі мұнай-газ саласы (мұнай мен газды барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау) негізгі өндірісінің кәсіпорындарында 90 мыңға жуық адам, мұнай сервисінде жүз мың адам еңбек ететіндігін атап өтті. Ширек ғасырда елімізде көмірсутекті өндіру 3 есеге артқандығын айтты.
Ведомство басшысы Қанат Бозымбаев мұнай-газ саласының ардагерлері мен жұмыскерлерін, ҚР Энергетика министрлігі қызметкерлерін сүбелі үлесі және еңбегі үшін «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері», «Экология саласының үздігі» төсбелгілерімен, Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері» медалімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен мараппаттады.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
