Астанада мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссия отырысы өтті
2017 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың төрағалығымен Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 3-ші отырысы өтті.
Отырыс барысында әлеуметтік әріптестік Тараптарының 2017 жылғы
9 айдың қорытындыларына арналған есептер тыңдалды, мұнай-газ саласындағы еңбекақы төлеу жүйесі жұмысының негізгі қағидаттары бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсыныстары талқыланды, сондай-ақ кәсіби стандарттарды әзірлеу және ресімдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар қарастырылды.
Аталған отырысқа ҚР Энергетика министрлігінің, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер салалық бірлестіктерінің уәкілетті өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
