Қазақстан қалаларындағы жанар-жағармай бағасына шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түскен кейінгі жағдай бойынша Астанадағы жанар-жағармай құю стансаларының көбісінде дизель отынының бағасы бір деңгейде, тек кейбірінде айырмашылық бар. Атап айтқанда «Oil» жанар-жағармай құю бекетінде АИ-92 бензинінің литріне 125 теңге, АИ-95 маркасы - 142, АИ-98 маркасы - 158 теңге деңгейінде қалыптасып отыр. «Газпромнефть» стансаларында АИ-92 бензині - 125 теңге, АИ-95 - 141 теңге, АИ-98 - 158 теңге, дизель отыны (еуро-5) - 120 теңге көлемінде белгіленген. «Гелиос» бекеттерінде АИ-92 маркасының литрі 126 теңге болса, АИ-95 маркасы 143 теңге, ал дизель отыны - 108 теңге сомасында саудалануда. «Аурика» стансасында АИ-92 - 127 теңге, АИ-95 - 143 теңге, дизель отыны - 108 теңгені құрап отыр. Бұдан бөлек, «SINOOIL» бекетінде АИ-92 - 125 теңге, АИ-95 - 143 теңге, д…