2018 жылға дейін 70 елді мекенге газ тартылады
Айымгүл ӘБІЛЕВА, 6 маусым 2016 ж 10:43 , Астана 2016-2018 жылдары еліміздің бес облысында 70 елді мекен газбен қамтылады. Ал 2016-2020 жылдары тағы төрт облыстағы халық саны көп 14 ауылды газбен қамту көзделiп отыр. Бұл туралы бүгiн халыққа есеп берiп жатқан ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. «Газ саласына тоқталсам, 2015 жылы бұл сала дамуға бет алды. 45,3 млрд текше метр газ алынды. Осы жылдың төрт айында өндірілген газ көлемі 15,5 млрд текше метрдi құрады. Елімізді газдандыру – басты стратегиялық бағыт екені белгілі. Жалпы, былтырғы көрсеткішке сүйене отырып айтсам, Қазақстанның 43 пайызы газбен қамтылған», - деп баяндады Қ.Бозымбаев. Министрлiктiң жоспарына сәйкес, 2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыст…