ҚР Үкіметінің «2015 жылғы 29.05 ЕЭО мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде ОБЗ мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және ОБЗ есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы» Қаулы жобасы
2015 жылғы 29 мамырда Бурабай кентінде Еуразиялық үкіметаралық экономикалық кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге қол қойылды.
2016 жылғы 12 тамызда Сочи қаласында (Ресей Федерациясы) Еуразиялық үкіметаралық экономикалық кеңесінің отырысында Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды.
Осы құжат бекітілуге жатады.
