Теңізшевройл мен Қарашығанақ кен орындары кеңейтiледi
Айымгүл ӘБІЛЕВА, 6 маусым 2016 ж 10:15 , Астана
Теңізшевройл мен Қарашығанақ кен орындарын кеңейту көзделiп отыр. Бұл туралы бүгiн халыққа есеп берiп жатқан ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Теңізшевройл» компаниясы биыл 26,4 млн тонна мұнай өндiрудi жоспарлап отыр. Компанияны кеңейтудi экономикалық-әлеуметтiк маңызды жоба деп есептеймiз. Алдағы уақытта осы жобаны қаржыландыру бойынша шешiм қабылданады. Бұл жоба мұнай өндiру көлемiн 27 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Ал құрылыс жұмыстары кезiнде 20 мың жұмыс орны ашылады», - деп баяндады Қ.Бозымбаев.
Бұл кен орнының жаңа нысандары 2022 жылы ашылады деп болжанып отыр. Сонымен бiрге Қарашығанақ кен орнын да кеңейту көзделген.
«Қарашығанақ кен орнында 2016 жылы 11,6 млн тонна мұнай мен 17,5 млрд текше газ өндiрiледi. Қазiргi уақытта Қарашығанақты дамыту тұжырымдамасы қарастырылып жатыр. Кәсіпорынды кеңейту шешiмiн 2017 жылы қабылдап, жаңа нысандарды 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жоба жаңа 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi», - деп ата өттi министр.
Айта кетейiк, Астанада ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев халыққа есеп берiп жатыр. Ол министрлiктiң атқарған жұмысын баяндап, тұрғындарды алдағы жоспармен таныстырады.
