Мазмұнға өту
masakz

Ардабек Солдатбай

@masakz

Сайтта 2010 ж. 24 қарашаКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

62

пікірлер

7

тіркелуші

14

жазылымдар

14

Біз және бәрі де біз туралы

.... Сан Фермин, 6 шілде 2009 жылы. Китай Жан саны халықаралық саясатта, экономикалық қарым-қатынаста қашаннан маңызды рөлге ие болып келеді. Адам ресурсы қай мемлекетте болса да ең  басты құндылық есебінде. Тіпті, орта дәулеттісінен тақыр кедейі басым елдердің өзінде халықтың көптігі айналасына, аймаққа, сауда-саттыққа ықпал етуші факторға айналып келеді. Мысалыға, Үндістан.  Рас, бізбен салыстырғанда бұқарасының тұрмысы тым нашар. Аш, жалаңаш жұрт тас көшелерде тапқанын жеп отыра береді. Үндістанның шалғайдағы провинциялары мен хуторларын Алматыдағы "Шаңырақ" ықшам ауданының кедейлерімен ғана салыстырауға болатын шығар. Тіпті олардан да төмен жағдайда өмір сүреді десек қателеспейміз. Бірақ, сол Үндістан қазір сыртқа жұмысшы күшін ғана емес, дайын тауарлар экспорттайтын елге ай…

0
0
914

Өмірден өтті бір ақын

Абай хакім: «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы» деп көкірегін қарс айырғанда, қандай күйде болғанын кім білген?! Адамның өмірге келуі қандай табиғи болады екен, өмірден өтуі де сондай заңды десек те, кісі жүрегі қимайтын асыл текті азаматтар жетерлік. Қазақ руханияты тағы бір марғасқа ұлынан айырылды. Дегдар жан, қарымды қаламгер, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дүйсенбек Қанатбаев 70-ке толған шағында дүниеден озды. Жетпіс жылдық зерделі өмірінде талай белестерді басып, талай асулардан асқан еді. Қазақтың теле-радиоларында редакторлық қызмет атқарып, бірнеше республикалық баспаның жұмысын қыздырып, өнегелі істерімен ортасының алқауына бөленген абзал жан туралы айтылар естеліктердің көп екендігін 30 қараша күні Жазушылар одағында өткен ақынмен қоштасу…

0
0
993

Түйелер қалада тентіреп жүр

Қызылорда қаласының тұрғыны Елібай Жікібаев деген азамат қалада қаңғыбас түйелердің қаптап кеткенін дәлелдейтін суретті «закон.кз» сайтына жариялапты. Автордың айтуынша, қаңғыбас түйелер қаңғыбас қалалықтарды «майлы да жайлы» мекендерінен қуып шығып, қоқыс төгетін контейнердің аумағын мекен етіп алған. Түйелерге ешкім жақындай алмайды. Тұрғындар дорбаға салып алған қоқыстарын әудем жерден лақтырып, баскетбол «ойнап» қайтады. Ақырзаман болғанда түйенің құйырығы жерге, ешкінің құйрығы көкке жетеді деуші еді. «Маң-маң басқан, шудаларын шаң басқан» өркешті жануарлар далада кімге өкпеледі екен? Әлде, сорасы көкке ұшқан сорлы Аралдың маңында жан-жануарға шынымен де тіршілік ету қиындап бара ма? Мүмкін, тападай тал түсте тас төбеден құлап жататын протондар сусыған құмның арасында түйе жейтін жан…

0
2
879

Әскерден қашатындар онсыз да аз емес еді

Үкіметтің қаулысымен Қазақстанда әскери міндетін өтеуден босатылатын мамандықтардың тізімі ұлғайтылды. Негізінен көмір, металлургия, тау-кен, мұнай өңдеу, мұнай-химия, химия өндірісі, ғарыш саласы, атом энергиясы, теңіз флоты, азаматтық авиация мен темір жол тасымалы саласында жұмыс істейтіндер әскер міндет өтеуден босатылады.

Жаңа қаулы бойынша теңіз флоты, азаматтық авиация, темір жол тасымалы салалары бойынша бұрынғы 10 мамандық енді 34-ке жетті.

Байжан ДУБАЙ

0
0
870

Экологиялық қасіреттен қайтсек құтыламыз?

Екібастұз өндірістердің ошағы болып табылғандықтан экологиялық жағдайы күн өткен сайын нашарлап барады. “Айта айта Алтайды, Жамал апам қартайды” демекші, МАЭС-1, МАЭС-2 станцияларына, “Жылуорталығына”, кеніштерге түтін тұтқыш қондырғы орнатамыз деп жүргенде, лас ауамен өсіп-жетілген алдыңғы буын да орта жасқа жетті. Өндіріс басшыларына түтін тұтқыш орнатқаннан гөрі ауаны ластағаны үшін айыппұл төлеу анағұрлым жеңіл тиетінін бүгінде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біледі. Еліміз өркендеп, қоғамға заманауи технологиялар енгізілсе де, Екібастұздың экологиялық жағдайы сол баяғы күйінде. “Жылу орталығының” мұржасынан будақтаған түтін аздай, қала сыртындағы кен үйінділерінің өртенуі де ауаны ластап болды. Ілгеріде бықсып жанып жатқан кен үйінділеріндегі өртті өшірумен арнайы орындар ай…

0
0
3508

Сақтансаң – атпайды!

Қазір Астанада мына тектес хабарландыруларды жиі көресіз. Әрине, 11 жылдан кейін өткізілгелі отырған, 57 елдің басшылары қатысатын үлкен жиынның сақтық шаралары да айрықша болары сөзсіз. Бұл жалпы бүкіл әлемде қалыптасқан үрдіс. Әлем елдерінің көптеген басшыларын атып тастауға дайын жүрген лаңкестер қаншама. Әрине, мұны адам құқығын шектеу деп айғайлап жүргендер де бар. Мәселе біздің құқық қорғаушыларға тіреліп тұрмағанын түсінген жөн. Мысалы, АҚШ немесе өзге де Еуропа елдерінің басшыларымен 100 адам еріп келетін болса, солардың жартысынан көбі қауіпсіздік қызметінің өкілдері. Сіз балконда тұрып саусағыңызды шошайтсаңыз болды олар ештемеге қарамастан атады де тастайды. Сондықтан, отпен ойнамағыныңыз жөн. Өзіңіздің, балаларыңыздың қауіпсіздігін ескеріп, мынадай хабарландыруларға жете назар…

0
0
358