Темекі мен арақ қымбаттайды

Бұл туралы «Қазақстан Респуликасындағы салық салу мәселері жөіндегі заңнамалық актілерге кейбір түзетулер мен өзгерістер енгізу» туралы заң жобасында айтылған.
Әрине, салық бірден өспейді. Үш жылдың ішінде біртіндеп енгізу жоспарланған. Мәселен, мың дана фильтрлі сигарет үшін 2011 жылы акциз мың теңге болса, 2012 жылы 1250, 2013 жылы 1550 теңге болады.
Бүгінгі күні елімізде темекі өнімдеріне салынатын салық кірістің 13 пайызынан аспайды. Қазақстан 2004 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы конвенциясына қосылған. Жаңа заң 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Жаман әдеттерге жақын жүретін ағайынды «жарылқап» тастайтын тағы бір жаңалықты ҚР қаржы министрлігінің Салық комитеті таратты.
Енді «ақаңды» шелектеп ішетін күн көзден бұл-бұл ұшатын болды. Бұдан былай спитке салынатын акциз 250 теңгеден 400 теңгеге дейін көтеріледі.
Мәселен, қазір нарықта 1 литр арақ 260 теңге болса, жаңа жылдан кейін 300 теңге болады.
Жалпы еліміз бойынша жылына 7 млн. тонна арақ ішіледі екен. Яғни әр адамға шаққанда жылына 5 литр арақ ішіледі. Дегенмен, арақ-шарап өндірушілер елімізде соңғы жылдары спиртті өнімдерді тұтыну азайып келе жатқанын айтады. Соңғы 5-6 жылда ішкіштердің қатары 15-20 пайызға азайған.
