Таяқтап оқытатын ұстаздардың Қазақстанға қажет жоқ
Таяқтап оқыту - Қазақстандағы совет заманынан қалған әдіс қана емес, сонымен қатар бұрыннан келе жатқан әлеуметтік проблема. Дәл осы әдістің кесірінен білім саласында неше түрлі бүлік шығып, ата-ананың наразылығымен небір соттар болып жатады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дәл қазіргі жаһандану уақытында таяқтап оқытудың ешқандай қажеттілігі де, пайдасы да жоқ. Бүгінде оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық неше түрлі әдістері шығып жатқанда, аталмыш әдісті қолдану мұғалімнің білімсіз бейшарасы екенін көрсетеді. Ендеше, осындай білімсіз мұғалімнің жағын жақтаған облыстық соттың ісін қалай түсінуге болады? ОҚО, Сарыағаш аудандық, №118 орта мектептің мұғалімі оқушыны балағаттап, ұрғанда айыпталып, 7 тәулік қамауға алынған болатын. Мұғалімнің заңға қайшы әрекетке барғандығы үшін, мектеп директор…