Мазмұнға өту
makala

Iskernews.kz порталы

@makala

Сайтта 2014 ж. 17 ақпанКазахстан, Алматы

Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!

рейтинг

100

жазбалар

389

пікір

1

тіркелуші

4

жазылымдар

4

«Мәңгілік ел» ұлтымыздың ұлы бағдары

Еліміздің Ата Заңында айшықталған қағидатқа сәйкес, ел Президенті жыл сайын елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына байланысты жылсайын Қазақстан халқына жолдау арнайды. Биылғы Жолдау қаңтардың 17-ісіне дөп келгені белгілі. «Кеңес қылған ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас» дегендей, Елбасымыздың биылғы Жолдауы елдің еңсесін көтерген, елдік идеяларға толы бірегей стратегиялық тарихи құжат болды. Егер де Елбасы 2013 жылы «Қазақстан - 2050» стратегиясын - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты тұрғысында жарияласа, жаңа Жолдауда дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын нақтылы шегелей ұсынды. Сонымен қатар биылғы Жолдаудың ең басты жаңалығы – «Мәңгілік ел» идеясы болды десек қате айтпағандығымыз болар. «Елді іс біріктіреді, сөз бұзады» дейтін дана х…

0
0
3348

«Үздік студенттік топ – 2014» байқауының ақтық мәресі аяқталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Үздік студенттік топ – 2014» байқауының ақтық мәресі бүгін болып өтті. Өз факультеттерінің беделін қорғап шыққан әр топ президентіміз Н.Назарбаевтің «Жасыл көпір: ұрпақтан ұрпаққа» және ректорымыз Ғ.Мұтановтың "Smart сity" бағдарламалары аясында өздерінің жобаларын қорғады. Сөз жоқ, бір-бірінен өткен керемет, ақылды және мұқият жасалған жобалардың куәсі болдық. Байқауды бастан-аяқ ұйымдастырып, студенттерді осындай игілікті іске баули білген «Сұңқар» студенттер кәсіподағының бұл іс-шарасы мақтауға тұрарлық. Финалистер бұған дейін қандай кезеңдерден өтті? Айта кетейік, 2012 жылдан бері бастау алған жоба студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, үздік студенттер тобын шығару және ынталандандыру мақсатында жүргізіліп келеді. Осы…

1
0
1175

Қазақтілді БАҚ-қа неге жарнама аз беріледі?

Күні кеше Қазақстандағы ең ірі жарнама беруші үш компанияның пиар-менеджерлері (Эйр Астана, Кселл, Каспий банк) мен қазақтілді журналистердің басы қосылған, «қазақтілді БАҚ-қа неге жарнама аз беріледі?» деген тақырып төңірегінде кездесу болып өтті. Каспий банктің бас ғимаратында өткен кездесуде жарнамаға қатысты көптеген мәселенің басы ашылып, БАҚ өкілдері көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Нарықтың талабы бойынша, кез келген кәсіпорын, өзін-өзі қаржыландыру мәселесін шешіп алуы тиіс. Бүгінде қазақтілді БАҚ-тың оқырмандары, саны мен сапасы артып келеді. Алайда, ұлттық мүддеге келгенде аянып қалмайтын қазақ БАҚ-тары қызметтерін «бизнес көзі» ретінде қарастырмайтындықтан, өзін-өзі қаржыландыра алмау мәселесін шеше алмауда. Мемлекетіміздегі ірілі-ұсақты компаниялар өз жұмыстары мен қызме…

2
0
1138

Ең үздік махаббат әндері

Барлығымыз асыға күткен, шуақты көктемнің айтулы мерекелерімен ілтесе келген, Қозы-Көрпеш – Баян сұлу күніне орай қазірде жастарымыздың арасында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралардың қатары сан түрлі.Осы қатарда, №13 студенттер үйінің студенттер кеңесі мен аналитикалық коллоидтық сирек элементтер химиясы мен технологиясы кафедрасы және де химия мамандығының 301-303 топтарының ұйымдастырылуымен болған көңілді қойылымдардың бірі, жуық арада ғана химия және химиялық технология факультетінде өткен "Ең үздік махаббат әндері" атты кеш те тартысты өтті. Сайысқа факультет студенттері белсенді қатысып, өз орындауындағы керемет әндерін шырқап,бар өнерлерімен жиылған қауымды тамсандырып, тыңдарманның құлағының құрышын қандырды.Сайыс барысында көрермендерде силықтан қапы қалған жоқ,ұйымдастырылған…

1
0
1845

Дөңгелек үстел: Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығы қай деңгейде?

«Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» ҚҚ және Kaspi bank бірлескен түрде «Қаржы мәдениеті» атты бағдарлама аясында Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығына арналған жалпыұлттық зерттеуі аяқталған болатын. Осыған орай, жуық арада Анкара қонақүйінің Абылайхан залында Kaspi bank еліміздің элиталы тұлғаларының басын қосып, дөңгелек үстел өткізді. Басты тақырып – Қазақстан халқының қаржы сауаттылығы жайында. Зерттеудің қорытындысы туралы презентацияны банктің атқарушы директоры Михайл Ломтадзе ұсынды. Михайл Ломадзенің айтуынша, 2014 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық мәдениет» бағдарламасы жүзеге асырылып келіпті. Бағдарламаның бірінші кезеңі «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе от…

0
0
2706

Мәңгілік ел – бренд ел

Қазір бәрі де «бренд» ретінде танылғысы келеді. Өзінің қаласын брендке айналдырғысы келген әкімдер, партиясын брендке айналдырғысы келген көшбасшылар, өзін брендке айналдырғысы келген әншілер, компаниясын немесе шығарған өнімдерін брендке айналдырғысы келген кәсіпкерлер т.б. өте көп. Шындығы сол, бәсекелестік өршіген бүгінгі заманда мықты брендке айналып қана сен қарсыласыңды жеңе аласың. Бренд - бұл үлкен күш, таусылмас қуаттылық. Бренд адамдардың өміріне дендеп кірді. Қазір кез келген кәсіпті немесе жұмысты брендке айналдырып қана жоғары деңгейде жүргізе аласың. Әсіресе, саясат пен экономика саласын брендсіз елестету бүгінгі күнде өте қиын. «ҚазМұнайГаз», «Каспий банк», «Қазақмыс», «Астана», «НұрОтан», «Н.Назарбаев (НӘН)», «Қайрат Нұртас (КН)» т.б. брендтер біздің елімізде де жетерлік.…

0
0
1594

Дүрбелеңде салымдарын алғандар, банктерге қайта салуда

Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялады. Жарияланымға сәйкес биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169.млрд.теңгені құраған. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%, Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%. Бүгін Ұлттық банк таратқан ақпарға орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олар таратқан ақпарға сәйкес қазірге дейін салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған. «Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады»,-дейді kaspi bank-тің басқарм…

0
0
674

Сөз бен іс: Денис Теннің патриоттығына күмән келтіруші кімдер?

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдан-ақ «Қазақстан» деген елді әлемге таныту үшін барынша тырысып бағуда. Шын мәнінде, күн астындағы орын үшін талас жүріп жатқан бүгінгі дәуірде өзіңнің ұлттығыңды, мәдениетіңді, тіліңді т.б. сақтап қалу үшін танымалдылық немесе «брендке» айналу қажеттілігі әрбір елге туып тұр. Мәселен, Жапонияны техникалық және технологиялық өнімдерінен, Швецарияны сағаттарынан, Ұлыбританияны ағылшын тілі арқылы, АҚШ-ты компьютер және интернет технологиялары арқылы әлем жұртшылығы жақсы біледі. Осыған ұқсас бір ғана емес, бірнеше «бренд» атрибуттары арқылы жаһанға танылып жатқан елдер өте көп. Біз де «мәңгілік ел – бренд ел» екенін түсіне бастадық. Спорт – бұл біздің елімізді әлемге танылдырып, брендке айналдырып жатқан бірден бір атрибут. Соның ішінде «Қазақстан…

2
0
1421

Несиені жарату үшін емес, баю үшін пайдалану қажет!

Банк қызметінің маңызы қазақ қоғамында артып отыр. Елімізде депозит салушылар да, несиені алушылар да т.б. банк қызметтерін пайдаланушылардың саны жыл сайын еселене түсуде. Батыстан келген бұл қызмет елімізге қаншалықты дендеп енді дегенімізбен, банк жүйесі туралы түсінік, жалпы қаржы сауаттылығы жағынан халқымыз ақсаңдауын қояр емес. Несиені белгілі бір жақсы мақсаттарға пайдалану үшін емес, жылтыр нәрсеге жарату үшін алатын тұтынушылардың басым бөлігі қарызын қайтара алмай қиналуда. Ең біріншіден, несие - өндірістік күштерді ынталандырып, ғылыми – техникалық прогресстің негізінде өндірісті кеңейту және капитал көздерін қалыптастыру үшін берілетінін көп адам біле бермейді. Нарықтың заңдылығы бойынша, несие арқылы капитал мен ресурстардың ағымы жүзеге асырылады және жаңа құн қалыптасуы ке…

1
0
590