Таяқтап оқытатын ұстаздардың Қазақстанға қажет жоқ

Таяқтап оқыту - Қазақстандағы совет заманынан қалған әдіс қана емес, сонымен қатар бұрыннан келе жатқан әлеуметтік проблема. Дәл осы әдістің кесірінен білім саласында неше түрлі бүлік шығып, ата-ананың наразылығымен небір соттар болып жатады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дәл қазіргі жаһандану уақытында таяқтап оқытудың ешқандай қажеттілігі де, пайдасы да жоқ. Бүгінде оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық неше түрлі әдістері шығып жатқанда, аталмыш әдісті қолдану мұғалімнің білімсіз бейшарасы екенін көрсетеді. Ендеше, осындай білімсіз мұғалімнің жағын жақтаған облыстық соттың ісін қалай түсінуге болады?
ОҚО, Сарыағаш аудандық, №118 орта мектептің мұғалімі оқушыны балағаттап, ұрғанда айыпталып, 7 тәулік қамауға алынған болатын. Мұғалімнің заңға қайшы әрекетке барғандығы үшін, мектеп директоры мұғалімді жұмыстан шығарады. Ал «бала ұрғыш» мұғалім болса, өзінің жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санап, мектеп директорын сотқа береді. Аудандық сот істі қарап, мұғалімнің жұмыстан шығарылуын заңды деп табады. Бала ұрып, 7 тәулікке қамауға алынған мұғалім болса, аудандық соттың шешімімен келіспей, облыстық сотқа шағым айтады. Ал, облыстық сот болса, мұғалімнің жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санап, істі мұғалімнің пайдасына шешеді. Сонда қалай, бір мемлекеттің заңымен жұмыс атқаратын екі сот екі түрлі шешім шығарғанына не айтасыз? Бала ұрғандығы анықталып, сотты болған мұғалімнің мектепте жұмысын жалғастыруы заңға қайшы әрекет екені көрініп тұр емес пе? (Әлгі мұғалімнің баланы қалай аяусыз ұратынын видеодан көрсеңіз болады: youtube.com1, youtube.com2 ).
{social}
