Мазмұнға өту
makala

Iskernews.kz порталы

@makala

Сайтта 2014 ж. 17 ақпанКазахстан, Алматы

Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!

рейтинг

100

жазбалар

389

пікір

1

тіркелуші

4

жазылымдар

4

Шақыру! Шықрған жерден қалма деген ғой қазақ...

9 мен 14 қыркүйек аралығында Қырғызстандағы Ыстық көл облысы Шолпан-Ата қаласында алғаш рет Бүкіләлемдік көшпелілердің ойындары ұйымдастырылады. Бұл туралы Қазақстандағы Қырғызстан Республикасының бас консулы хабарлады.

«Ойын негізінде спорттық сайыстар, сонымен қатар, мәдени және театрлық шаралар ұйымдастыру жоспарланған», - делінген хабарламада. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)...

0
0
441

Орынбасардың шүлдірлеген тілін Облыс әкімі тиып тастады...

Жуырда Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы облыстық кеңесінің отырысы өтті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ассамблея мүшелері қатысқан алқалы жиында шенеуніктердің атқарған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалды.
Орал қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марс Сатыбалдиев өз есебін мем­лекеттік тілде айтуға тырысып баққан еді, бірақ оның қазақ тілін білу деңгейіне көңілі толмаған Нұрлан Ноғаев шенеуніктің мектепті қай тілде оқып бітіргенін сұрады. Марс Сатыбалдиев орыс мектебін тәмам­дағанын айтты. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
372

Сұмдық!

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕН КОНСТИТУЦИЯДАҒЫ ОРЫС ТІЛІ ТУРАЛЫ БІР СӨЙЛЕМ!.. СОЛ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫМАЙ, ТІЛІМІЗ КӨГЕРМЕЙДІ!.. Қазақстандағы тіл дамуының саяси-әлеуметтік проблемалары Алдымен цифрларды сөйлетейік. 1999 жылғы санақ бойынша, Қазақстан халқы 14 953 13 мың болса, ұлттық құрамы төмендегіні көрсетті: қазақтар – 7 985 000 (53,4%), орыстар – 7 985 000 (29,96%), украиндар – 547 100 (3,66%), өзбектер – 370 000 (2,48%), немістер 353 400 (2,36%), татарлар – 249 000 (1,66%), ұйғырлар – 210 400 (1,41%), белорустар – 111 900 (0,75%), корейлер – 99 700 (0,67%), әзербайжандар – 78 300 (0,52%), түріктер (75 900 (0,51%), поляктар – 47 300 (0,32%), дұнғандар – 36 900 (0,25%), шешендер – 31 800 (0,21%), тәжіктер – 25 700 (0,17%), башұрттар – 23 200 (0,16%), молдавандар – 19 500 (0,13%), ингуштер – 16 9…

0
0
439

«Қазақта бұрын мемлекет болмағанын» Путин де айтты

Ресейлік жастармен кездескен Владимир Путиннің қазақ мемлекеті тарихына қатысты жауабы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін айтқан пікірімен үндес шықты. Ресей президенті Владимир Путин. Тверь, 29 тамыз 2014 жыл. Ресей президенті Владимир Путин бүкілресейлік “Селигер-2014″ жастар форумы кезінде студенттердің Қазақстан жайлы сауалына да жауап берді. «ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙДІҢ ЖАҚЫН ОДАҚТАСЫ» Кездесуде “Украинадағы ұлтшылдықты” қауіп қылған студент “Қазақстанның оңтүстігінде де ұлтшылдық көңіл-күй артқанын”, “мұны тежеп тұрған фактор – президент Назарбаев” екенін айта келе: “Назарбаев мырза президенттіктен кетсе, украин сценарийін күтеміз бе?” деп сұрады. Владимир Путин Қазақстан Ресейдің “жақын стратегиялық одақтасы және әріптесі” екенін, президент Назарбаевтың “дені сау, әзірше ешқайда кетпейтін…

0
0
283

Мектепке «әліппемен» барамыз!


Ағымдағы жылдың 27-ші тамызында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Астанадағы ғимаратында «Мектепке «ӘЛІППЕМЕН» барамыз!» деп аталатын дәстүрлі шара болып өтті. Бір қуанарлығы, компания қызметкерлерінің мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған балаларын құттықтап, қадамдарына ақ жол тілеп, шығарып салуы 6 жылдан бері ізгі дәстүрге айналыпты. Ең бастысы, мұндай шараның мақсаты - бүлдіршіндерді құттықтаумен қатар, мемлекеттік тіл саясатын компанияда және оның қызметкерлерінің отбасында насихаттауда, ана тілімізді отбасылық құндылыққа айналдыруда жатқанын көріп, қуанышымыз екі еселенді. Қадамдарың құтты болсын, балақайлар! (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
215

Ескерткіштеріміз «Ұлы Россия» деп ұрандауын қояр емес

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Алматыдағы 28 панфиловшылар (дұрысы «28 панфиловшы» болуы керек) саябағында Екінші дүниежүзілік соғысы қаһармандарының («Ұлы Отан соғысы» деуге де келмейді) рухына арнап орнатылған бір ескерткіштің тұрғаны белгілі. «Тұра берсін…» дерміз-ау, егер оның мәні мен сәнін етегіндегі «алтын әріпті» жазуы құртпаған болса! Қараңыз, «Велика Россия, а отступать некуда, позади Москва. Политург В.Клочков» дейді. О тоба, келмеске кеткен қызыл КСРО «Ұлы Ресей» емес еді ғой, ол кезде!.. Бұл не сандырақ?! Демек, санамызға сынадай қағылған орыстың отарлық пиғылы әлі де өз үстемдігін әйгілеп тұр мұнда. Қызыл билетін сандығының түбіне сары майдай сақтап жүрген «советтік сарқыншақтар»: «Ескерткіш сол қалпында сақталып қалуы керек. Ол – тарих!»,- деп шыр-пыр етеді, кейінгі буын үстіндег…

0
0
610

Назарбаев оқушыларды білім күнімен құттықтады

Фото AFP мұрағатынан алынды Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл ғана пайдалануға берілген көпсалалы №75 мектеп-гимназиясында болып, оқушыларды білім күнімен құттықтады. Ол мектепке 1313 астаналық оқушы қабылданды, деп хабарлайдыTengrinews.kz. тілшісі. "Бүгін білім күні. Қазіргі күні бүкіл Қазақстан бойынша 7600 мектепте 2 миллион 600 мың оқушы партаға отырды. олардың 300 мыңы бірінші сыныпқа қабылданғандар. Мен барлық оқушыларды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Әрине ата-аналар мен ұстаздар қауымына да толағай табыс тілеймін", - деді Елбасы бұл білім ордасының ашылу салтанатында. Н. Назарбаев Қазақстанның болашағы ұстаздардың қолында екенін атап өтті. "Бұл тұрғыда оқушыларға білім беру ісі ең маңызды болып отыр. Еліміздегі әр баланың бойында патриоттық сезімдер болып, жасы үлкендер м…

0
0
404

ҰЛТТЫҢ ТІЛІ ЖҰТАСА, МІНЕЗІ ӨЗГЕРЕДІ (жалғасы)

Сөйлеу мәдениетінің жоғалуы өзімен бірге көптеген әлеуметтік дерттерді ала келеді. Ең алдымен тілдің қолданысының кемуі ұлттық рухани құндылықтар қолданысының кемуіне алып келеді. Рухани құндылықтар кем қолданылған сайын әлсірейді, жұтайды, ақырында ұмыт болады. Ешбір ұлт өкілін өз ұлтының рухани құндылықтарынан тыс жат құндылықтар толыққанды тұлға ретінде қалыптастыра алмайды. Қазір қазақ тілінің байырғы қазақ қоғамындағыдай кең өрісте, бүкіл қарым-қабілетімен, көркемдігімен, шешендігімен қолданыла алмауы салдарынан көптеген мақал-мәтелдер, көркем теңеулер, шешендік оралымдар, ұйқасты, мәнерлі сөздер қолданыстан шығып барады.Жақында біздің орта жастағы филолог ағамыз менің өлеңдерімде қолданылған «тін», «назалы», «ойжады», «естанды», «арсауға» деген сөздердің мәнін сұрады. Тілдің тіршілі…

0
0
373

«Мой мир» әлеуметтік желісі қазақ тіліне аударылды

«Мой мир» әлеуметтік желісі өзінің интерфейсін қазақ тіліне аударды. Себебі, оның Қазақстандағы ай сайынғы үш миллион қолданушыларының басым бөлігінің ана тілі – қазақ тілі болып табылады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
262

Шымкентте құрылатын төртінші ауданның атауы талқыланып жатыр


Шымкенттік депутаттар қала тұрғындарын пікір алмасуға шақыруда. Мақсат - жаңадан құрылып жатқан ауданға атау беру. Яғни, жергілікті билік өкідері аудан атын халықпен бірлесе отырып қоймақ ниетте. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
275