«Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ терминологиясы» республикалық ғылыми-практикалық конференция
27 қараша күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлесе отырып, «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ терминологиясы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Шараның негізгі мақсаты – ғалымдар, сала мамандарымен бірлесіп терминология саласының өзекті мәселелерін талқылау, пікіралмасу, тәуелсіздік кезеңіндегі терминология саласында орындалған жұмыстарды қорытындылау, саланы одан әрі дамытудың міндеттерін анықтау болды. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)


