Қызылордада Алғабас, Бұланбай бауы, Бала би елді мекендеріне дәрігерлік амбулатория салынады
Алдағы бес жылдықта елді мекендерде медициналық қызметтердің сапасы да, қолжетімділігі де артады. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы Шиелі ауданына қарасты Досбол би, Алғабас, Бұланбай бауы, Бала би елді мекендерінде жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияның бой көтеруіне ықпал етпек. Әрі жыл сайын 230 медициналық ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жағдай жасауға ниетті. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардыңматериалдық-техникалық базасын нығайтып, заманауи қондырғылармен жабдықтауды көздеп отыр.Денсаулық сақтау саласына қатысты бұл бастамаларды облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тілеуберген Шаутай, Баян Дүйсенбек, Қазбек Шәукебаев пен Мөлдір Дүйсенова Шиелі аудандық денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді.Сала өкілдерімен болған басқосуда үміткерлер…