Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада Алғабас, Бұланбай бауы, Бала би елді мекендеріне дәрігерлік амбулатория салынады

Алдағы бес жылдықта елді мекендерде медициналық қызметтердің сапасы да, қолжетімділігі де артады. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы Шиелі ауданына қарасты Досбол би, Алғабас, Бұланбай бауы, Бала би елді мекендерінде жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияның бой көтеруіне ықпал етпек. Әрі жыл сайын 230 медициналық ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жағдай жасауға ниетті. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың

материалдық-техникалық базасын нығайтып, заманауи қондырғылармен жабдықтауды көздеп отыр.

Денсаулық сақтау саласына қатысты бұл бастамаларды облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тілеуберген Шаутай, Баян Дүйсенбек, Қазбек Шәукебаев пен Мөлдір Дүйсенова Шиелі аудандық денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді.

Сала өкілдерімен болған басқосуда үміткерлер партияның алға қойған мақсатты жұмыстары мен сайлауалды бағдарламасын таныстырып, денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар мәселелерді талқыға салды. Осы орайда, аудандық дәрігерлер медицина саласы мамандарының жалақысын көбейту, әлеуметтік жағдайына баса мән беру, ауылдық елді мекендердегі медицианалық мамандардың тапшылығын жою мәселелеріне ерекше назар аударуды сұрады.

– Партия медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттыру бағытында Досбол би, Алғабас, Бұланбай бауы, Бала би елді мекендерінде ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізіп, жыл сайын 230 медициналық ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға күш салмақ. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға да ықпал етеді, – деді үміткер Тілеуберген Шаутай.

Осылайша, сала мамандарының сан түрлі сауалына жауап берген үгіт тобы әлеуметтің әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы тағы да мынадай бірнеше статистикалық мәліметтерді ұсынды. Нақтырақ айтсақ, партия аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды көздеуде. Бұл ретте, 5 мектепті және 12 мың тұрғыны бар Алғабас, Бекежанов, Қодаманов, Ақмая елді мекендерін көгілдір отынмен қамтып, ауданның газдандыру үлесін 66,4 пайызға жеткізуді жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1 450 жастарды тұрақты жұмыспен қамту, жастардың жұмыссыздық деңгейін 3,5 пайызға азайту, 6,1 мың жаңа жұмыс орнын ашу мақсатында жұмыстар жасалмақ.

Кездесу соңында үміткерлерге сайлаушылар сәттілік тілеп, «Nur Otan» партиясының барлық бастамаларын қолдайтындарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Сайлау2021

0
0
993

Осы тақырып бойынша