Жұмысшылар мәселесі басты назарда\ В центре внимания - проблема рабочих
Бүгін Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелері «Әлеуметтік қамтамасыз ету және еңбек қатынастары бойынша» кәсіподақ жетекшілерімен кездесті.
Фракциясы жетекшісі Ибадулла Құттықожаевтың жетекшілігімен өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшесі Райкүл Байназарова, салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева, «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Ахметов Бауыржан, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұйымкерлерінің салалық кәсіптік одағы Қызылорда филиалының мүшесі Азамат Серікұлы қатысты.
Кездесуге қатысушылар облыста еңбек заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды сөз етті.
Өз кезегінде «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов, «Жұмыспен қамтылған халықтың 30 пайызы ғана кәсіподақ ұйымына мүше. Барлық мекемелерде ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды күшейту керек. Барлық салада еңбек қатынастарын бақылап отырмыз. Әсіресе жұмысшылардың қауіпсіздігі басты назарда» деп жұмысшылардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау мәселелері туралы сөз етті.
Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқарасының бөлім басшысы Нұрбек Жапақов бірнеше мәселелерді айтып, сандарды сөйлетті. «Жыл басынан бері облыс бойынша кәсіпорындар мен мекемелерде 114 тексерулер жүргізілді. 161 заңбұзушылықтар анықталды. Жалпы 10 айда 27 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жұмыскерлерге жалақы қарызын төлеу мәселесі Басқарманың ерекше назарында. 10 айда ықпал ету шаралары нәтижесінде 16 кәсіпорынның 4631 жұмыскерлеріне 616,5 млн теңге жалақы қарызын төледі. 2020 жылғы 01 қарашаға «Фотон» ЖШС бойынша 1 қызметкерге 3 711 499 теңге жалақы қарызы бар. Аталған кәсіпорын облыстық кірістер департаментінің бақылауында. 45 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар жасалды. Басқармамен жұмыс берушілерге жұмыскерлердің еңбек шарттарын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды түрде енгізу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде» деді Н.Жапақов.
Кездесуде кәсіподақ жетекшілері өз ұсыныстарын жолдап, өзара пікір алмасты.
В центре внимания - проблема рабочих
Сегодня состоялась встреча депутатов областного маслихата, членов фракции партии «Nur Otan» с профсоюзными руководителями по направлению «Социальное обеспечение и трудовые отношения».
Встреча прошла под председательством руководителя фракции Ибадуллы Куттыкожаева. В заседании приняли участие член депутатской фракции партии «Nur Otan» Райкуль Байназарова, председатель Кызылординского областного комитета Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки Гульнар Ескалиева, председатель Кызылординского областного филиала Общественного объединения «Казахстанский отраслевой профсоюз работников железнодорожного, автомобильного, воздушного и водного транспорта» Бауыржан Ахметов, член Кызылординского филиала отраслевого профессионального союза работников системы здравоохранения «Senim» Азамат Серикулы.
Участники встречи рассказали о проделанной работе по обеспечению соблюдения трудового законодательства в области.
Председатель территориального объединения профсоюзов «Кызылординский областной центр профсоюзов» Серик Сермагамбетов отметил, что «только 30% занятого населения являются членами профсоюзной организации. Во всех учреждениях необходимо усилить работу по контролю за исполнением коллективного договора. Мы контролируем трудовые отношения во всех сферах. Но особое внимание уделяется безопасности работников", - сказал он, рассказывая о вопросах защиты прав и законных интересов работников.
Руководитель отдела управления по контролю в сфере труда Кызылординской области Нурбек Жапаков остановился на некоторых вопросах, озвучил цифры.
«С начала года проведено 114 проверок предприятий и учреждений области. Выявлено 161 нарушение. Всего за 10 месяцев к административной ответственности привлечено 27 физических и юридических лиц. Особое внимание управление уделяет вопросам выплаты задолженности по заработной плате работникам. В результате принятых мер за 10 месяцев 2020 года 4631 работнику 16 предприятий была выплачена задолженность по заработной плате на сумму 616,5 млн. тенге. На 01 ноября 2020 года ТОО «Фотон» имеет долг по заработной плате 1 работнику в размере 3 711 499 тенге. Это предприятие находится на контроле областного департамента доходов. Проведено специальное расследование и приняты соответствующие меры по 45 несчастным случаям. Управлением на постоянной основе проводится разъяснительная работа работодателям о необходимости включения трудовых договоров работников в «Единую систему учета трудовых договоров» в электронном виде», - сказал Н.Жапаков.
На встрече руководители профсоюзов поделились своими предложениями, обменялись мнениями.
