Перейти к содержимому
kyzylorda.nurotan.kz

kyzylorda.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 23 маусымКазахстан, Кызылорда

Официальный филиал партии "Nur Otan" в городе Кызылорда

рейтинг

250

жазбалар

70

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

2

Қызылорда қаласындағы мүгедектігі бар жандар арасында кездесу ұйымдастырылды.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Қызылорда қаласындағы мүгедектігі бар жандар арасында кездесу ұйымдастырылды.Жиынға қатысушы азаматтар қоғамдық жұмыстарға араласу, жеке кәсіппен айналысу және әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ұсыныстарын айтып, тақырып аясындағы пікірлерін ортаға салды.Кездесуде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қала көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін негізгі көмектерге тоқталып, оларға әрдайым қолдау барын тілге тиек етті.Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы өмір сүрулері үшін ұсыныс-пікірлері әркез назарға алынуы тиіс. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты да осы бағытта. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» және «Кедергісіз келешек» жобасына сәйкес жыл басынан бері қа…

0
0
337

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді

Қазақстанда мүгедектер күні жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару

0
0
249

Ауылшарушылығы тұрақты экономиканың көзі

Бүгін «Абзал и К» серіктестігіне «Nur Otan» партиясының жанындағы «Аграрлық сектор» бағытындағы аймақтық комиссия мүшелері жұмыс бабымен барды. Онда еңбек ұжымымен кездесіп, ауыл шаруашылығы бағыттағы жұмыстарды жетілдірудің жәй-жапсарын талқылады.Өңірімізде мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер жетерлік. Сыр диқандары су тапшылығының туындауына қарамастан, биыл күріштің әр гектарынан орташа 61,8 центнерден өнім алып, 551 мың тоннадан астам ел қамбасына астық құйып, кезекті рекордтық көрсеткішті жаңартып отыр. Аграрлық салада өндірілген өнім көлемі 94,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артқан.Бұл тұста «Абзал және К» серіктестіктің ауылшаруашылық саласында, оның ішінде еліміздің күріш индустриясы саласын…

0
0
133

Кәсіпкерлік бағытындағы комиссия мүшелері онлайн бас қосты

«Кәсіпкерлікті қолдау» бағытындағы аймақтық қоғамдық кеңестің «Кәсіпкерлік – тұрақты қоғамның алтын дінгегі» тақырыбындағы онлайн отырысы өтті. Кеңес мүшелеріне Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Байқоңыр қаласындағы филиал менеджері Оразбекова Жанат, Ақай елді мекендері және Байқоңыр қаласы бойынша кәсіпкерліктің даму жағдайы туралы баяндады.2020 жылғы 1 қазан айының есебі бойынша Байқоңыр қаласында 498 кәсіпкер тіркелді, оның 425-і жұмыс жасайды. Ал Төретам елді-мекенінде 732, Ақайда 237 тұрғын өз кәсібін жасап отыр. Оқу курстарын осы кезге дейін 118 адам толық оқып аяқтады. Еңбек бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қолдау үшін 63 адамға 200 АЕК көлемінде қаржылық көмек берілді.Өз кезегінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысы Қожабергенов Фердоуси өңіріміздегі кәсіп…

0
0
100

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтаймыз!

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды 1 желтоқсан - «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл күн - барлық қазақстандықтардың Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні.

Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалау мен шекарасын бекітуде және оны жер - жаһанға танытып, елімізді беделді әрі қуатты мемлекетке айналдырудағы Елбасының ерен еңбегін бағалай білу және саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету баршамыздың парызымыз.

Сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып, елімізге бірлік, халқымызға саулық тілейміз. Ел тарихындағы елеулі сәт –Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

0
0
120

Тұңғыш Президент күні мерекесімен қызылордалықтарды құттықтады

Тәуелсіз Қазақстанның әлем картасында өз орнын алып, жер жаһанға танылуында оның іргетасын қалып, шекарасын шегендеген Елбасымыз – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан шексіз.Біз үшін ең маңызды құндылықтар – елдің ауызбіршілігі мен бейбіт өмірдің арқасында алға нық адымдап, мемлекет ретінде дамуға мүмкіндік алдық.Сондықтан да, Тәуелсіздік туы желбіреген 30 жылға жуық мерзім ішінде қол жеткізген зор жетістіктеріміздің бәрінің бастауында Елбасы тұр деп мақтанышпен айта аламыз. Осы ретте, Тұңғыш Президент күні мерекесінің ресми бекітілуі – халықтың Елбасына деген шынайы құрметі мен ыстық ықыласы.Баршаңыздың Ұлы Даланы Мәңгілік елге айналдыруды мақсат еткен Тұңғыш Президентіміздің идеясы аясында бірігіп, сүйікті Қазақстанымыздың әлемдегі аса қуатты мемлекет болуы…

0
0
138

COVID-19 пандемиясының алдын алудағы жұмыстар пысықталды

«Nur Otan» партиясы ұлт денсаулығын сақтауға ерекше мән беріп келеді. Осы орайда облыстық партия филиалы жанынан денсаулық саласына партиялық бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында комиссиялық топ жасақталып, жұмыс жоспары бекітілген. Құрамы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен, депутаттық фракция мүшелерімен, медицина саласының ардагерлерінен жасақталған.Жыл басынан өткізілген комиссия отырыстары барысында денсаулық саласы бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Оның ішінде өңірлер бөлінісінде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру бойыша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру, COVID-19 пандемиясы кезеңінде аймағымызда үздіксіз медициналық көмекті ұйымдастыру және дәрі-дәрмекепен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Және әрбір комисс…

0
0
234

«Шоқан Уалиханов және отандық ғылым» атты ғылыми-танымдық конференция өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының ұлы ғалымы және ағартушы-демократы Шоқан Уалихановтың 185 жылдығына арналған «Шоқан Уалиханов және отандық ғылым» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.Бұл конференцияда теориялық және әдістемелік мәселелер жан-жақты талқыланған баяндамалар тыңдалды. Атап айтар болсақ, «Шоқан Уалиханов: Қазақстан тарихы мәселелері жөнінде» тақырыбында академик, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Б.Кәрібаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Т.Сәтбай, «Шоқан Уалиханов – Отандық тарихтың Геродоты», аталған кафедраның аға оқытушысы, Д.Омаров, «Қазақ ағартушыларының рухани-адамгерші…

0
0
133

Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

Тұңғыш Президент Күні қарсаңында партияның барлық филиалдарында «Nur Otan» партиясының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Г.Н.Әбдіқалықова Тұңғыш Президент күні қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдады, оларды Партия Төрағасының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасап, аймақтың өсіп – өркендеуіне партия мүшесі ретінде лайықты үлес қосатындарына сенім білдірді. Сонымен қатар «Халық алғысы» төсбелгісінің иегерлерін марапаттады.Партия қатарын кәсіпкерлер, мұғалімдер мен ғалымдар, журналистер, студенттер толықтырды.Салтанатты шараның алғы сөзінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова алдымен барлық қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, Тәуелсіз қазақ мем…

0
0
193

Көшпелі отырыста көп мәселе қаралды

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында балалар құқығын қорғау жөніндегі облыстық кеңестің Шиелі ауданында көшпелі отырысы өтті. Кеңес төрағасы Райкүл Байназарованың төрағалығымен өткен жиынға тісті сала басшыларымен іскер және көпбалалы аналар қатысты.Кеңес барысында «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағанбетов, Ақмая ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ұлжан Жосанова баяндама жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды.Жалпы ауданда жыл басынан бері, 1690 отбасының 9242 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін, 1238 отбасының 1-6 жас аралығындағы 1418 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама беріліп келеді.Сондай-ақ, аз қа…

0
0
351