Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауруханалар жоғары технологиялық құралдармен жабдықталады

Ауруханалар жоғары технологиялық құралдармен жабдықталады. Бұл жоспар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бар. Бұл туралы Қызылорда облысы, Арал ауданында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мейрамбек Жұмашев және Лаура Ибраимова денсаулық саласының өкілдерімен өткен кездесуде айтты.

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мейрамбек Жұмашев, COVID-19 коронавирустық инфекциясының жаһандық пандемиясы медициналық мекемелерді жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықтау қажеттілігін көрсетті. Бұдан басқа, облыста 22 медициналық мекеме немесе 8,3%-ы бейімделген және жалға алынған үй-жайларда орналасқан, 13-і күрделі жөндеуді қажет етеді, медициналық ұйымдардың тозуы орта есеппен – 28 % құрайды. Осы мәселелердің түйінін шешу үшін «Nur Otan» партиясы 27 жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын аяқтау, 23 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жүргізуді көздеп отыр. Осындай дәрігерлік амбулаториялар Арал ауданының Бөген, Тоқабай, Қызылжар ауылдарында салынады, - деді «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мейрамбек Жұмашев.

Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Партия барлығына ашық. Біз Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды бағдарламамызда қамтып отырмыз. Ендігі жерде өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз Сіздердің сенімдеріңізді бағалаймыз және сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беріп бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз,- деді Лаура Ибраимова.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Выборы-2021

0
0
1093

Осы тақырып бойынша