Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды/ Обсуждены вопросы занятости молодежи

Қоғамның қозғаушы күші деп саналған жастарға мемлекет тарапынан түрлі бағытта жан-жақты қолдау мен демеу жеткілікті. Бүгінде оларға тиесілі түрлі нұсқада бағдарламалар мен жобалар дер кезінде жүзеге асуда. Жастар тарапынан қандай да бір тың тақырыптағы жобалар мен идеялар болса, оны жүзеге асыру үшін түрлі бастамаларға да басымдық берілуде. Алайда, бұл – жастар арасында мәселе жоқ деген сөз емес.

Мәселен, кей жастар үшін жұмыспен қамту өзекті болуда. Жұмыссыздықты алдын алу мақсатында бүгін жастар ресурстық орталығында қала жастармен кездесу ұйымдастырылды. Онда «Nur Otan» партиясы Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбарсары Базара Танбаева, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының консультанты Димаш Кенжеалиев және қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Берік Исатайұлы кездесуде сөз алып, жас буынды еңбекқор болуға үндеді.

- Елбасымыз еліміздің болашағы – жастардың қолында екендігін жиі жеткізеді. Осы бағытта Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңы аясында нақты шаралар мен міндеттер тиісті деңгейде орындалып келеді. Елімізде әр бағытта жүзеге асып жатқан жобалар жастардың өмір сапасын жақсартуға негіз болары да сөзсіз. Айта кетерлігі, жастар еңбек етуге құлшынысын жоғалтпау керек. Олар жұмыс істеуге белсенділікпен кірісіп, өзіне-өзі жұмыс іздеп, жалқаулыққа бой алдырмауы тиіс, - деді «Nur Otan» партиясы Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбарсары Базара Танбаева.

Жиынға жиналған жастар жұмыссыздықты алдын алу мақсатында өз сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, бағыт берушілер сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды.

Айта кетейік, бүгінде жастар арасында түрлі мәселелердің алдын алуға қатысты «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар тәжірибесі», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары жемісті жүйесін беріп келеді.

Молодежи - движущей силе общества со стороны государства уделяется всесторонняя помощь и поддержка. Молодежные программы и проекты сегодня реализуются своевременно. Приоритет отдается реализации проектов и идей на новую тематику. Но это не значит, что среди молодежи нет проблем.

Так, актуальным вопросом для некоторых молодых людей является занятость. В целях профилактики безработицы сегодня в молодежном ресурсном центре была организована встреча с молодежью города. В ней приняли участие первый заместитель председателя Железнодорожного филиала партии «Nur Otan» Базара Танбаева, член Кызылординского городского филиала партии «Nur Otan» Димаш Кенжеалиев и специалист городского центра занятости Берик Исатайулы.

- Глава государства часто говорит о том, что будущее нашей страны – в руках молодежи. В этом направлении в рамках закона Республики Казахстан «О государственной молодежной политике» на должном уровне реализуются конкретные меры и задачи. Проекты, реализуемые в стране в разных направлениях, безусловно, станут основой для улучшения качества жизни молодежи. Самое главное, чтобы молодые люди не теряли энтузиазма к труду. Они должны активно включаться в работу, искать себе работу и не поддаваться лени, - сказала первый заместитель председателя железнодорожного филиала партии «Nur Otan» Базара Танбаева.

Участники встречи задали интересующие вопросы, высказали свои предложения. Модераторы ответили на вопросы, и рассказали о государственных программах.

Нужно отметить, что на сегодняшний день для профилактики различных проблем среди молодежи успешно реализуются программы «С дипломом в село», «Молодежный кадровый резерв», «Молодежная практика», «Занятость – 2020».

0
0
160

Осы тақырып бойынша