Балерина Құралай Сарқытбаева Жетісуда концерт өткізді
Әлемге танымал, театрдың прима-балеринасы Құралай Сарқытбаева өзі дүниеге келген Талдықорған қаласында арнайы концерт берді. «Жетісудың аққуы» атты шығармашылық кеш Құралайдың өнердегі әріптестері, Қазақтың Абай атындағы опера және балет театры әртістерінің қатысуымен өтті. Опера мен балетті арнайы Алматыға барып көре бермейтін жергілікті көрермен үшін бұл ұлыстың ұлы күні қарсаңында үлкен сыйлық болды. Мың бұралған Құралайдың өнеріне әлем тәнті. Оны балет сүйер қауым қазақтың «Кармені», «Аврорасы», «Сильфидасы» деп атайды. Әлемдік классикадағы осынау белгілі образдарды билеген қазақ қызы туған топырағында тұңғыш рет концерт беріп тұр. Құралай Сарқытбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері: Биік сахналардан көрініп жүргенмен, туған өлкеңнің алдына шығу үлкен жауапкершілік жүктейді. Қатты толқы…