Шаруалардың шағын несиеге қолы жетті
Қарағанды облысындағы Ағадыр кенті бойынша 7 адам шағын несие алуға өтініш білдірсе, соның 3-і, 3 млн. теңгеден алды. Ауыл адамын жұмыспен қамтуға арналған бағдарламаның аяқалысы оң тәтиже бере бастады. «Алайда, шаруалардың кепілге қоятын мүлкі арзанға бағаланғандықтан, бірқатар жұмыссыз адамдар жеңілдетілген несиеден қағылып отыр», - дейді жергілікті әкімдер. Манаг Сайранды 3 млн. теңге несие алу үшін баспанасымен, шағын дүкенін кепілдікке қойыпты. Алғашқы бір жарым жылда ол несиенің үстеме 5 пайызын ғана, яғни, ай сайын 20 мың тенге ғана төлейді. Одан кейін үш жарым жыл бойы айына 100 мың тенгеден төлеуге міндетті. Манаг Сайранды, шаруа: Жылқы малын алсақ деген ойымыз бар. Аздап қой, сиыр малдарымыз бар ғой. Кішкене үстінен қосып жылқы алып, одан әрі өсіріп, қымызын сатсақ, біраз жұмыс…