Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Мектептегі жанжал

Шығыста 100-ге жуық оқушы 3 күн бойы мектепке бармай қойды. Бұл Күршім ауданындағы Құйған ауылының ата-аналары ұйымдастырған наразылық акциясы. Білім саласындағы жанжал шалғайдағы ауылда өткен жылы басталған. Ауылдағы орта мектеп директорының орынбасары жемкорлық үшін жұмыстан қуылған. Алайда, ол таяуда Сот арқылы өз орнына қайта оралыпты. Ал, ауыл тұрғындары мұғалімнің мектепке қайта келуіне қарсы. Мектепте 130 оқушы бар. Соңғы 3 күнде сабаққа тек 30-ға жуық бала қатысқан. Ұстаздар Сот табалдырығын тоздырып, ата-аналармен араздасып жүргенде, білім беру сапасы да төмендеп кеткен. Жанжалды басу үшін ауылға облыстан арнайы комиссия барды. Кездесу қорытындысы бойынша, ата-аналар наразылық акциясын тоқтатып, балаларды сабаққа жіберетін болған. Ал, мұғалімдер жауапкершілікке тартылды. Мәдениет Ахметова, облыстық Білім басқармасының бастығы: Оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктер үшін жанағы жиналыстың қорытындысы бойынша мектеп директоры барық сынып жетекшілеріне, өзінің екі орынбасарына сөгіс жараялайды, Еңбек Кодексі бойынша. Енді, директордың өзіне аудандық Білім беру бөлімі береді, өйткені, тағайындайтын мектеп директорын аудандық Білім беру бөлімі.

0
0
360

Осы тақырып бойынша

Мектептегі жанжал - Yvision.kz