Ж.Тәшенов жайлы жинақтың тұсаукесері өтті
Қазақтың солтүстіктегі бес облысын көрші Ресейге қосу мәселесі талқыға түскен тың игеру жылдарын тарихтан білерсіз. Сол кезеңде керіле көсілген, асты-үсті байлыққа толы жерімізді бөтенге бермей қалған Жұмабек Тәшенев еді. Қияпатты, қайсар тұлға болатын. Кезінде республика үкіметін басқарған ол ұлы қайраткерлігімен ұлт жадында қалды. Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Жұмабек Тәшеновтің өмірі мен қызмет жолын баяндайтын жинақтың тұсаукесері өтті. Шараға жиналғандар Қызыл империяның илеуіне көнбей, ел игілігіне қызмет еткен есіл ердің ерен еңбегін сөз етті. Мәселен, Тәшеневтің «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» сынды қазақ газеттерін жабылу қаупінен сақтап қалғаны ұрпаққа үлгі.
Мейрам Байғазин, жинақ авторы:
Тәшенев Абай мұрасы мен қазақ баспасөзінің жаңашыры дейді. Өйткені, Сіздер де білулеріңіз керек, тың игеру жылдарында біздің аудандар мен облыстарда қазақ газеттері қысқарып жабыла бастады, мектептер жабыла бастады, осындай қауіп қазақ әдебиеті мен сол кездегі социалистік Қазақстанға төгінгенде, бұл кісі тура қарсы тұрып жапқызбады. Кейбір біздің жазушылар сымақ, тіпті сол аударма газеттің орынбасары болсақ та бақытты деп санағанда, Тәшенев оларды кесіп тастаған, айтқан: социалистік қазақстанды ашқан да сендер емессіңдер, жабатын да сендер емессіңдер.
