Бауыржан Мұхамеджанов алғашқы жиналысын өткізді
Маңғыстау облысына жаңадан тағайындалған әкім Бауыржан Мұхамеджанов Ақтауда алғашқы жиналыс өткізді. Барлық сала мамандарының басын қосып, бүгінде өңірдегі ең өзекті мәселеге айналған қоғамдық тыныштықты сақтап, бүлік кезінде бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарға жұмыла кірісуге шақырды.
Сонымен қатар, Елбасы жүктеген міндеттердің орындау жолдарын пысықтады. Ең бастысы жұмыссыз қалған мұнайшыларды еңбекпен қамтып, осыған дейін өз атқарған қызметі, алған жалақыларына қол жеткізетінін айтты. Оң бастамалардың барлығы Елбасының облысқа сапары барысында түпкілікті шешімін тапқан.
