Жаңаөзенде ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр
Жаңаөзенде өртеніп кеткен «ҚазМұнайГаз» компаниясының ғимараттары қайта қалпына келтіріліп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен осы компанияға қарасты құрылыс мекемесі айналысуда. Ал ғимартты толық қалпына келтіруге қажет қаржы есептелуде. Қазір «ӨзенМұнайГаздың» бас кеңсесіндегі қызметкерлер басқа ғимартқа көшіріліп, жұмыстарын жалғастыруда. Президент тапсырмасына орай «ӨзенМұнайГаздың» жанынан жаңадан құрылатын мекемеге жұмысшылар қабылдау жүріп жатыр. Осыған дейін алты азаматтан өтініш түскен.
Алик Айдарбаев, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың басқарма төрағасы:
Көп адамдарға осында жұмыс орны ашалып жатқандығы жетпепті. Олар бізден сұрап жатыр. Оны телефонмен де, мүмкін газеттерге жазамыз. Мұнайшылар келеді. Арызын бермесе де келіп сұрап: «Қалай болады, не болады?»- деген сұрақтар қояды. Соған біз жауап берудеміз.
