Мазмұнға өту
kaztrk_kz

Қазақстан Телеарнасы

@kaztrk_kz

Сайтта 2011 ж. 14 қарашаКазахстан, Астана

Бірінші отандық, Ұлттық телеарна - «Қазақстан» ҰТА 1958-жылғы наурыздың сегізінде ашылды. Қазіргі уақытта телеарна көрермендерді қамту жағынан алдыңғы қатарда тұр.

рейтинг

100

жазбалар

1 279

пікір

1

тіркелуші

28

жазылымдар

0

Мойынқұм малынан аусыл шықты

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында аусыл ауруы шықты. Індетке ұшыраған 91 ірі қара өртелді. Ауданда карантин жарияланып, мамандар аурудың шығу себебін анықтап жатыр. Мойынқұм ауылында жұқпалы дерт 7 үйдің ірі қара малынан тараған. Мамандар індет қоңсы қырғыз елінен келуі мүмкін дейді. Қазір аудан көлемінде екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мақсат - қатерлі аурудың таралуына жол бермеу. Аусылдың жаппай белең алуына қатысты Мойынқұмда жедел жиын өтті. Онда жойылған малдың орнына өтемақы төлеу мәселесі көтерілді. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, келтірілген шығын көлемі есептеледі. Сәрсембай Солтанбеков, Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау комитеті облыстық инспекциясының бастығы: Күнделікті мониторинг жүргізіп жатырмыз. Тағы ошақ шықпасын деп барлық округтарда. Қазір бізде, Мо…

0
0
242

Қалың қардан 40 мұнайшы құтқарылды

Соңғы үш аптада Атырау облысында ауа райының қолайсыздығы жергілікті халықты да, құтқарушыларды да әбіргерге салды. Мұндай табиғи жағдайдан, яғни, қалың қар мен қатты соққан желдің әсерінен облыс аумағындағы барыс-келіс әлі де болса қиындау. Осыдан 10 күн бұрын темір жол қатынасының 16 сағатқа үзілгенін хабарлаған болатынбыз. Қазір теміржол қозғалысы қалпына келтірілді. Одан бергі уақытта күн райы аса суық болмаса да, қатты боранның салдарынан шалғай аймақтарда, әсіресе, кен орындарында көліктердің адасып кету оқиғасы көптеп тіркелуде. Мәселен, кеше Жылыой ауданындағы «Шөлқара» кен орнының 40-тан астам мұнайшысы осындай оқиғаға тап болды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Аэромобильді құтқару қызметі мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары кеншілерді бүгін аман-есен Құлсары қала…

0
0
349

Бірнеше елді мекен су астында қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында екі күннен бері толассыз жауған жаңбырдың салдарынан күртік қар күрт еріп, бірнеше елді мекен судың астында қалды. Арық-атыздардың арнасынан асқан лай су тұрғын үйлердің ауласына жетті. Әсіресе, Отырар, Ордабасы және Арыс аудандарының тұрғындары зардап шегіп отыр. Ауылдықтар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Мәселен, Монтайтас елді мекенінде алпысқа жуық үй су астында қалып, 300-ге тарта тұрғын туған-туыстарының үйін паналап отыр. Ал Қожатоғай, Найман, Байкал ауылдары да су астында қалуы мүмкін. Қазір су алған елді мекендер тазартылып жатыр. Дәурен Дүйсебаев, ОҚО әкімдігі баспасөз қызметі бастығының міндетін атқарушы: Монтайтас елді мекенінде 614 үй болса, тұрғындар саны 4 мыңнан асады. 19 үйдің ауласын су басқан. Ордабасы ауданына қарасты Байкал және Найман ауылдар…

0
0
255

Ауған соғысы ардагерлері көмекке зәру

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 23 жыл. 10 жылға созылған соғысқа 22 мың Қазақстандық қатысып, мыңға жуық боздақтан айырылдық. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген тағы мыңнан астам бозбала елге мүгедек болып оралды. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман-есен оралғанымен, жаны жаралы 18 мыңнан астам ардагер ортамызда жүр. Ал бүгінде еліміздегі Ауған соғысы ардагерлерінің әлеуметтік жағдайы көңіл көншітпейді. Сұрапыл соғыс табаны күректей 10 жылға созылса да, қантөгістің себебін, соғыстағы қазақ жігіттерінің ерлігін жас ұрпақ жете біле бермейді. Насихат жоқтың қасы. 1979 жыл. Талай ананы жылатып, талай боздақты қыршынынан қиған Ауған соғысы. Майдан даласына небәрі 18 жасында аттанған Бауыржан Жасымбеков отанына аман оралғанымен, соғыс даласында екі аяғын қалдырды. Саяси соғыст…

0
0
1855

Әбілязов 22 айға түрмеге кесілді

Елден қашқан қалталы қазақтардың қорған-тұрағына айналған ағылшын астанасынан хабар келді кеше. Мұхтар Әбілязов 22 ай түрмеге кесілді. Бұндай шешімді Лондонның жоғары соты қабылдапты. Судья Найджел Тиер экс-банкирді «сотты сыйламады» деп айыптап, абақтыға жабуды ұйғарған. «Сотты сыйламады» деген ағылшынның айыбы - істің бер жағы ғана. Қазақтың құзырлы органдарының Әбілязовқа таққан айыбын естісең, жағаңды ұстайсың. 10 миллиард долларды жымқырған мықты болып тұр Мұхтар мырза! Қазақтың экс-қаржыгері, қазіргі қашқыны Мұхтар Әблязовтың соңғы соты Лондондағы мына ғимараттың ішінде өтті. Бірақ сот отырысына айыпкердің өзі қатысқан жоқ. Ал судья Найджел Тиер сотты сыйламағаны үшін Мұхтар мырзаны 22 ай түрмеге кесіп, оның төлқұжатын тәркілеген. Экс-банкирге саяси баспана берген елдегі бұл жаза бі…

0
0
414

Лондон Жоғарғы соты Әбіләзовты кінәлі деп тапты

Лондонның жоғары соты Мұхтар Әблязовты 22 айға түрмеге жабу туралы шешім қабылдады. Экс-банкирге сотты сыйламады деген айып тағылды. Ал, еліміздің прокуратура органдары БТА банктің экс-төрағасы Мұхтар Әблязовқа қатысты қылмыстық істерді әлі тергеп жатыр. Бұған дейін Сот БТА банкінің ақшасын ұрлау дерегіне қатысты қозғалған 3 бірдей қылмыстық іске үкім шығарып қойды. 18 адам айыпталғанын естеріңізге сала кетелік. 42 эпизодпен 22 тұлғаға қатысты өткен жылдың наурыз айында қозғалған қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Лондон сотының үкімі күні кеше шықты. Енді Мұхтар Әблязов ағылшын түрмесінің дәмін татпақ. 22 ай, я болмаса бір жыл он айға қамау туралы қаулыны Судья Найджел Тиер қабылдаған. Сотты сыйламағаны үшін, қаржылық активтері мен құнды қағаздарын шығарған «Бубрис» компа…

0
0
311

Құрлық әскерлері қысқы жаттығуларын өткізді

Алматы облысында «Оңтүстік» аскери командованиесі кезекті жаттығуларын өткізді. Бұл әскери жиынның ерекшелігі, әскерилер жаттығуды қалыпты, барлық жағдай жасалған арнайы полигонда өткізбей, таныс емес таулы аймақтарда жүргізді. Оқу жаттығуға жаяу әскерлер, танкі, артилерия мен әуе күштері қатысты. Басым көпшілігі келісім шарттағы сарбаздар бұл сыннан сүрінбей өтті. Қыс айларында өткізілген оқу - жаттығудың мақсаты - елімізге қауіп төндірер лаңкестік топтардың көзін жою. Ол - қатер төнген заматтан бастап, ел аумағындағы арнайы мақсаттағы әскери бөлімшелердің бірікен іс-әрекеттерін үйлестіру. Мұрат Майкеев, ҚРҚК құрылық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал- лейтенант: Батальондар кеше теміржолмен келіп, жерге түсіріп оларға бұйрық бердік, осы таулы аймақтарға келіп орналасты. Біздің бригада…

0
0
394

Қиырдағы қандастар Астанаға бұйымтайын жеткізді

Қазақ азат болғалы, Ираннан 500-ден астам отбасы Отанға оралып, қазық қақты. Ата жұртқа ат басын бұрғандардың басым бөлігі - сонау 1929-1931 жылдардағы ашаршылық кезінде Маңғыстау жерінен жаяу-жалпылап, Түркіменстан арқылы Иранға қоныстанған қандастардың ұрпағы. Бүгінде парсы жерінде әлі 5 мыңнан аса қазақ өмір кешіп жатыр. Иран дамыған ел болғандықтан, ондағы қандастардың хал-ахуалы, тұрмыс-тіршіліктері жақсы. Дегенмен, олар ұрпақтарының болашағына алаңдайды. Өйткені, парсыландыру саясатының салдарынан әрі қазақы мәдени орталықтың жоқтығынан, бүгінде көп жас дінін ұмытпағанмен, тілін ұмытып, сақауланып барады. Жаппарбай Жаппар - Иеден елінің есендігін тілеген қиырдағы көп қазақтың бірі. Иранда туылды, белі буылды. Бірақ, жұлқынған жүрек пен өрекпіген көңіл шіркін, қазақ десе, елеңдейтіні…

0
0
465

Маңғыстауда тас жолдар жабылды

Маңғыстау облысында ауа-райының қолайсыздығынан  Ақтау-Жаңаөзен  және Жетібай-Шетпе-Сайөтес тас жолы жабылды. Бұрқасыннан автокөліктер жүре алмай жолда қалып жатыр. Кешеден бері тек  Жетібай-Жаңаөзен  бағытында 20 шақты көлікке  көмек көрсетіліп, жолаушылар құтқарылған.  «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары да кен орнына жете алмай, біраз қиындық көрді. Бірақ өндіріс тоқтаған жоқ.  Екі  араға  қазір тек пойыздар қатынап тұр. Сондықтан  вагондарға  сыймай, үйлеріне жете алмаған жолаушылар темір жол бекеттерінде наразылық білдіріп жатыр. Тас жолдарды  аршуға біршама техника жұмылдырылған.
0
0
332

Баспана – басты мәселе

Әлеуметтік жағдайды жақсарту әуелі баспанадан басталады. Жас пен жасамысқа қолжетімді пәтер мүмкіндігін тудыру - Жолдау жүктеген міндеттің бірі. Басында баспанасы бар адамға тұрмыстың басқа тауқыметі түк емес. Сол себепті де қалың бұқара бұл бастаманы түбегейлі құптап отыр. Камал Бұрханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі: Бірінші позиция жастарды жұмыспен қамтамасыз ету болса, екінші сол жастарды, әсіресе жас отбасыларымызды арендалық үймен қамтамасыз ету. Ал енді қаржысы көп адам арендамен проблемасы жоқ. 1000 долларға, 5000 долларға жалдай береді коттедж болсын. Орта статитистік азаматымыздың қаржысы жететін, мүмкіндігі жететін арендалық үй. Сұлтанәлі Балғабаев, жазушы: Биылғы Жолдаудың ерекшелігі - ең бастысы бұл нақты және көп сөз жоқ және екінші…

0
0
573