«Нұр Отан» ХДП фракциясында бюджет туралы заң қаралды
«Нұр Отан» партиясының Парламенттегі фракциясы бюджетке Үкімет ұсынған өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Қазынадан қосымша бөлінетін қаржы Президенттің биылғы Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Елдің ең басты қаржылық құжаты бүгін партиялық алаң фракцияның кеңейтілген отырысында талқыланып, онда әлеуметтік-экономикалық салаларға байланысты көптеген мәселер қаралды. Нақтырақ айтсақ білім беру, денсаулық сақтау, индустриалдық бағдарламамен қоса тілдің де тағдыры сөз болды. Былтыр біздің елдің экономикалық дамуы 7,5 пайызды бағындырып, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 11 мың доллардан асқан. Бірақ биылдан бастап алдағы бірнеше жыл қазақ елі үшін ғана емес, барлық халықаралық қауымдастық үшін оңай болайын деп тұрған жоқ. Өйткені, дағдарыстың тағы б…