1300 жыл бұрынғы қол айна табылды
Ақмола облыстық өлкетану мұражайы тағы бір құнды мұрағатпен толықты. Аршалы ауданында табылған қол айна осыдан 1300 жыл бұрын құйылған деген тұжырым бар. Ернеулі, дөңгелек ілгекті қоладан құйылған қол айнаны қытай шеберлері жасаған. Диаметрі 8,5 см. Көне құйманың сыртқы қабатында төрт арыстанның бейнесі сомдалған. Ішкі және сыртқы ернеулерінің ортасы шырмауық тектес өсімдік сабағымен безендірілген. Ғалымдардың айтуынша, айнадағы арыстан бейнесі әлемнің төрт бұрышын білдіруі мүмкін. Құнды дүниені соққан шебер өмір мен қоршаған орта үндестігін көрсетуге тырысқан сыңайлы. Өз заманында құнды болған айна көшпенділер даласына Қытайдан Жібек жолы арқылы жеткен деп отыр мұражай қызметкерлері. Бүгінде облыстық өлкетану мұражайында 76 мыңнан астам құнды мұрағат бар, көне айна енді солардың қатарына…