Маңғыстауда тас жолдар жабылды
Маңғыстау облысында ауа-райының қолайсыздығынан Ақтау-Жаңаөзен және Жетібай-Шетпе-Сайөтес тас жолы жабылды. Бұрқасыннан автокөліктер жүре алмай жолда қалып жатыр. Кешеден бері тек Жетібай-Жаңаөзен бағытында 20 шақты көлікке көмек көрсетіліп, жолаушылар құтқарылған. «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары да кен орнына жете алмай, біраз қиындық көрді. Бірақ өндіріс тоқтаған жоқ. Екі араға қазір тек пойыздар қатынап тұр. Сондықтан вагондарға сыймай, үйлеріне жете алмаған жолаушылар темір жол бекеттерінде наразылық білдіріп жатыр. Тас жолдарды аршуға біршама техника жұмылдырылған.
